БАСҚА АДАМҒА БЕРМЕҢІЗ! Телефон ВИРУС тасымалдайды

0
6 499

Инфекция қаупін азайту үшін құрылғыны қалай қолдану қажет?


БАСҚА АДАМҒА БЕРМЕҢІЗ! Телефон ВИРУС тасымалдайды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Коронавирус адамдарға көлікке отырғанда, науқастармен жақын қарым-қатынас жасағанда немесе телефоннан жұғуы мүмкін. Соның ішінде смартфонның ауру тарататынын ескере отырып, қауіпсіздікті сақтау үшін бірнеше кеңес беруді жөн санадық.


1. Телефонды басқа адамдарға бермеңіз

Вирус смартфонның бетіне жабысып, ұзақ уақыт бойы сол жерде сақталады. Зерттеушілер коронавирус инфекциясының дисплей мен металлда 12 сағатқа дейін сақталуы мүмкін екенін анықтаған. Демек, көшеде кездескен немесе басқа жақтан келіп жолыққан қандай да бір адамға телефоныңызды беру арқылы сіз өз денсаулығыңызға қауіп төндіресіз. Егер сіздің құрылғыңызды тұтынған адамның қолында вирус болса, ол смартфонның корпусына немесе бетіне жабысып, біраз уақытқа қалып қояды.


2. Телефонды дәретханаға апармаңыз

Ол қоғамдық орындағы немесе үйдегі болын, қандай дәретхана екені маңызды емес. Өйткені, нәжісте ауа кеңістігіне шығып, заттарға жабысатын микробтар болады. Мысалы, сіз телефонды дәретханаға алып кіріп, дәретхана ыдысына қойсаңыз, ол инфекцияның таралу ошағы болады. Ал, дәретханадан шыққаннан кейін телефонды ұстаған қолыңызбен дене мүшелерін ұстап, гаджетті құлағыңызға тосқанда, микробтар денеге жабысады.


3. Спиртпен сүртуге болмайды

Сосын, дәретханаға алып кірген немесе бөгде адамға берген телефонды спирт қосылған сұйықтықпен тазалауға болмайды. Лажы болса құрғақ майлықпен сүрткен абзал. Samsung және Apple мамандарының айтуынша, спирт және басқа да агрессивті химиялық заттар телефонның экранын бұзады да, нәтижесінде бактериялар оңай әрі көп жабысады.


4. Санитайзер қолданыңыз

Телефонды тазартудың тағы бір амалы санитайзер қолдану. Бірақ, өндірушілер қолдануға болады делінгендерін ғана пайдалану керек. Өйткені, оның құрамындағы спирт мамандар айтқан деңгейден асатын болса, телефонды зақымдап қана қоймай, вирустың оңай жабысуына мүмкіндік беріп қояды.


5. Телефонды қылшықсыз матамен сүртіңіз

Телефонды тазалайтын кезде алдымен сөндіріп, сабынды сумен ылғалдандырылған қылшықсыз майлықпен сүрту қажет. Сонымен қатар, гаджеттің тесіктеріне ылғал кіріп кетпейтіндей болуы тиіс.


6. Смартфонды ғана емес, чехолды да тазалаңыз

Телефонға арналған чехол үнемі гаджетпен байланыста болады. Сондықтан оны да жуып, заласыздандырып отыру керек. Бұл силикон және пластикалық аксессуарларға да қатысты. Егер чехол матадан тігілген болса, оны күніне бір рет жуу қажет.


7. Ультракүлгін сәулені қолданыңыз

Біз технология қарыштап дамыған заманда өмір сүріп жатырмыз. Қазір заман талабына сай өнертабыстарды кез келген салада, кез келген қызметте қолдана аламыз. Олардың бірі — ультракүлгін сәулемен гаджеттерді тазартатын PhoneSoap құрылғысы. Өнертабысты ойлап тапқан CNN компаниясы бұл гаджетті сынақтан өткізіп, 10 минут ішінде телефонды бактериялардың 99% тазартуға болады деген қорытынды шығарған.


8. Телефонды қолданар алдында және қолданғаннан кейін қолыңызды жуыңыз

Иа, мұндай әрекетті әдетке айналдыру арқылы өзіңізге инфекциядан төнетін қаупті азайтуға және алдын алуға болады. Бұл тұжырымды барлық вирусологтар бір ауыздан қолдаған. Сондай-ақ, қолды жуудың әсері мол болуы үшін ол процесс кемінде 20 секундқа созылуы керек.


Естен шығармаңыз! Ерінбеңіз! Өзіңізге өзіңіз қамқор болыңыз!


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Телефон ҚУАТЫН 100 %-ға дейін ЖЕТКІЗБЕУ керек


Ноутбук қызып кете ме? Онда оны шаңнан тазарту керек