Адам игілігіне арналған ҒАЖАП технологиялар

0
2 063

Әлемде көптеген ғажайыптар бар. Алайда, адамдардың көпшілігі өзінің үйреншікті өмір сүру салтынан шықпайтындықтан, оларды байқай қоймайды.


Адам игілігіне арналған ҒАЖАП технологиялар

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Әлемнің әр түкпірінде өмір сүру жағдайын жақсартуға, жайлылықты арттыруға және өмірді ерекше етуге арналған түрлі технологиялар қолданылады. Солардың біршамасымен бүгін таныса аласыз.


1. Құлақ тыныштығын сақтайды

Біз күн сайын үйде және қоғамдық орындарда неше түрлі дыбыстарды естиміз. Бірақ олардың барлығын ести беруді қаламайтын адамдар да бар. Сондай-ақ, кейде естілетін қатты дыбыстар адамның есту жүйесі мен психологиясына да зиян тигізуі мүмкін. Сондықтан кейбір адамдар құлақ бітегіш құралдарды қолданады. Ол шынымен де құлақтың тыныштығын қамтамасыз етіп, қорғайды әрі жайлылық сыйлайды.

Дегенмен, адамдардың құлағы бірдей болмайтыны белгілі. Сондықтан ғалымдар бұл құралды кез келген пішінге икемделетін сұйық зат тәрізді технологиядан жасап шығарған. Ол жұмсақ болады және қолмен ыңғайлап құлақ тесігіне қондырып аласыз. Тиісінше, құрал дыбыстардан оқшаулайды, белсенді қозғалыс кезінде түсіп қалмайды және құлақтың терлемеуін қамтамасыз ете алады.


2. Қоқыс тазалайтын қайық

Планетаны тазарту тақырыбы әрдайым өзектілігін жоймайды және осы мәселе аясында түрлі жобалар пайда болып жатыр. Соның бірі Американың Мэриленд штатындағы өзен тазалығын сақтауға үлес қосып жатқан қайық секілді құрал. Бұл өзенді тұрғындар көптеген жылдар ластап, қоқысқа толған. Бірақ Mister Trash Wheel қайығының арқасында бұл мәселе тез шешімін тапты. Құрылғының негізі бөлігі – айналмалы дөңгелегі, ол су бетінен қоқыс теріп, оларды жинау үшін арнайы контейнерге жібереді. Кемеде екі контейнердің болуы ұзақ уақыт жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Оған қоса Mister Trash Wheel – экологиялық құрылғы, өйткені ол күннен қуат алатын батареялар арқылы жұмыс істейді. Тіпті ол 2014 жылдың 16 мамырында 11 тонна қоқыс жинап, рекорд орнатқан.

3. Hansgrohe – заманауи себезгі

Душ қабылдау сапасын жақсарту және су шығынын азайту мақсатында жасалған бұл себезгі дымқыл ауаны да сорып, буланып кетпеуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, суды үнемдеу, гидромассаж, өздігінен ағатын су көлемін реттеу секілді қызметтерді атқара алады.



4. Feel the Peel

Feel the Peel – бұл апельсин шырынын сығатын ерекше құрал. Басты ерекшелігі – ол табиғи сусынды пластикалық ыдысқа емес, ерекше әдіспен өңделетін апельсин қабығына толтырып береді. Сондай-ақ, бір адам пайдаланған қабық өңделіп, 3D принтерге арналған сияға айналады.


5. Printpen

Қытай ғалымдары стандартты принтер жүйесін өзгерту үшін 9 ай бойы әзірлеген бұл құрал принтер мен әдеттегі қаламның қызметін қоса атқарады. Ол әсіресе шығармашылықпен айналысатын адамдарға пайдалы. Нақтырақ айтсақ, Printpenге енгізілген түрлі қаріп үлгілерін қолданып, қағазға әрлеп мәтін жаза аласыз. Оларды таңдау үшін құралды смартфонға жалғап, арнайы бағдарламасын жүктесеңіз болғаны.

Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Өмірге деген көзқарасты өзгертетін ЖАҢА ӨНЕРТАБЫСТАР

ЖҮРЕК соғысы мен ҚАН айналымын бақылайтын киім шығады