ЖҮРЕК АЙНЫҒАНДА осы жаттығуды жасасаңыз САП ТЫЙЫЛАДЫ

0
6 093

Жүрек айнуына, лоқсуға немқұрайлы қарамаңыз.


ЖҮРЕК АЙНЫҒАНДА осы жаттығуды жасасаңыз САП ТЫЙЫЛАДЫ

фото: ашық дереккөздерден алынды

Жүрек айнуы тек жүкті әйелдерде болмайды. Жаста да, кәріде де кездеседі. Бұны дәрігерлер мынандай себептермен байланыстырады:

  • өттің дұрыс бөлінбеуі;
  • асқазандағы қышқылдың артуы;
  • ағзадағы тұз қышқылы балансының бұзылуы;
  • гормональды өзгерістер;
  • эмоциональды факторлар (стресс т.б.)

Осы себептердің ішіндегі гормональды өзгерістер орталық жүйкені қоздырады да иіске сезімталдық бірнеше есеге артады. Жүкті әйелдердің иіс сезгіштігі осыдан. Бірақ бұндай сезімталдық жүкті емес адамдарда да болады.


Мысалы:

- Асан көліктің артқы орындығында отырса жүрегі айнып лоқсиды.

- Сезім өмірінде иіссу сеппеген адам. Ол иіссу сепкен адаммен бет сүйісіп амандасса, лоқсып, біраз уақытқа дейін тамақ іше алмай қалады. Ол иісті сабынды да қолдана алмайды. Сусабын, жуынуға арналған гель, ауа тазартқыштарды таңдау ол үшін өте қиын. Мүмкіндігінше иісі аздауын сатып алады.

- Назым крем жаға алмайды. Әлдекімнің крем жағып алғанын амандасқанда-ақ аңғарып қояды. Сөйтеді де «Алақаныма сіңіп қалды» деп қайта-қайта жуумен болады.

- Орал жағармайдың иісін ұнатпайды. Сондықтан да материалдық жағдайы болса да көлік айдамаған. Көбіне жаяу жүргенді жөн көреді. Бірақ адам болған соң алыс жолға шығуына тура келеді...

- Айғаным дәмдеуіштер қосылған тағам жей алмайды, жүрегі айнып шыға келеді.

- Ал Марат адамдардың иісін қатты сезгіш. Сондықтан автобусқа міне алмайды. Әр түрлі адамның иісі араласып мұрнына келгенде лоқси береді.

Осындай әр түрлі нәрседен, жағдайдан жүрек айниды. Жүрек айну тек лоқсытпайды, ол сонымен бірге басты ауыртады, әлсіретеді.

Сондықтан да оны біржолата емдеуді ойлаған дұрыс-ақ. Дәрісіз емдеудің бір жолы – биологиялық нүктені уқалау. Ертедегі тибеттіктер әр аурудың «жедел жәрдем» нүктесі» болатынын анықтаған.

Жүректің айнуын басатын «жедел жәрдем» нүктесі алақанда орналасқан, дәлірек айтқанда, бас бармақтың алақандағы етті, жұмсақ жері. Жүрек айныған кезде сол «жедел жәрдем» нүктесін сағат тілі бағытымен 2 минуттай уқалаңыз. Ал лоқсудың алдын алу үшін осы нүктені сағат тіліне қарама-қарсы бағытта уқалау қажет.

Бұл нүкте өттің жұмысын жақсартады, асқазан қышқылдығын жылдам ретке келтіре алады.


Сонымен қатар, жүрек айнуын жылдам басатын тағы бір нүкте бар. Ол ағзадағы тұзды қышқылды реттейтін нүкте.

Тағамнан, әр түрлі тамақ иісінен жүрек айнығанда тұзды нәрсе басатыны белгілі. Мысалы, жүкті әйелдер көбінесе токсикоз кезінде айранға су мен тұз араластырып ішеді немесе тұздалған қияр жейді. Тұзды құрт сорады. Егер жүрек айнығанда аталған заттар жаныңыздан табылмаса, ағзаның тұзды қышқылын реттейтін нүктені уқалау керек.

Бұл нүкте екі қас орталығында (қастан сәл жоғары) орналасқан. Жүрек айнығанды басу үшін сағат тілі бағытында, ал лоқсудың алдын алу мақсатында сағат тіліне қарама-қарсы бағытта айналдыра отырып 2 минут уақыт уқалайсыз. Оны уқалағанда ағзаның тұзды қышқылы реттеледі.

Көлікке мінгенде, самолетте, ұзақ жол жүргенде осы «жедел жәрдем» нүктелерін уқаласаңыз, жүрек айну біраз уақытқа дейін мазаламайды. Ал лоқсу сап тыйылады.

Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Ақ шашты қарайтатын 2 жаттығу

«Пышақсыз пластикалық операция» жаттығуы