"ЖАТЫП ЖҮГІРУ" жүрек жұмысын жақсартады

0
4 329

Жаттығу барлық бұлшықеттерді нығайтып, қарындағы артық майды кетіреді.


Фото: alfagym.ru

Альпинист (көлденең жүгіру) – бұл артық салмақтан оңай арылуға көмектесетін ең тиімді жаттығу. Сонымен бірге ол денедегі барлық бұлшықеттерді шынықтырып, жүрек-қантамыр жүйесін нығайтатын жоғары қарқынды жаттығу саналады. Жаттығуда орындалатын қозғалыс тауға өрмелеген альпинистің қимылына ұқсағандықтан "Альпинист" деп аталады.

Көлденең қалыпта жүгірген кезде жүректің соғуы және зат алмасу жүйесінің жұмысы жылдамдайды. Тек аяқтарымыз қозғалғанымен, бұл бүкіл денемізге әсер етеді. Барлық бұлшықеттер нығайып, қарындағы артық май кетеді.

"Альпинист" негізінде жеңіл атлетика жаттығуының бірі. Кәсіби спортшылар, әсіресе желаяқтар негізгі жаттығуға кіріспес бұрын бұлшықеттерін қыздыру үшін осы жаттығуды орындайды. Ал жаңадан бастаушылар оны негізгі жаттығу ретінде жасағаны дұрыс. Жаттығуды орындағанда барынша иық, бөксе және аяқ бұлшықеттеріне күш түсіру қажет.


Жаттығуды қалай орындайды?

Фото: caviarfeeling.com

Жаттығуға кіріспес бұрын бойды қызыдырып алуды ұмытауға болмайды. Ал аяқтаған соң да біршама уақыт керіліп-созылып жүрген жөн.

1. Еденге етбетіңізбен жатып, алақаныңызбен жер тірейсіз. Содан соң кеудені жаймен көтеріп, түзу сызықтың бойында тұрғандай сезініңіз. Жаттығу кезінде жамбасты төмен түсіруге болмайды. Денеңіз түзу қалыпты сақтауы тиіс. Сонда ғана жаттығу нәтижелі болмақ. Табан иық деңгейінде тұруы шарт.

2. Дем шығарғанда еденнен оң аяғыңызды көтеріп, кеудеге қарай тартасыз. Дененің салмағы екі қол мен бір аяққа теңдей бөлініп, тепе-теңдікті сақтауы тиіс.

3. Аяқты кеудеге денеңіздің иілгіштігіне қарай барынша тарта аласыз. Кейін аяқты бастапқы қалыпқа қайта қойып, сол аяқпен жаттығуды жалғастырасыз. Жаттығуды әр аяқпен 12-15 рет қайталайсыз.

Жаттығуды 1 минуттан соң қарқынды түрде жасаңыз. Қаншалықты тез орындасаңыз, соншалықты жақсы нәтижеге жетесіз. Жаттығуды орындаған кезде бұлшықеттер "күйгендей" әсерде болуы керек.


Дереккөз: willandwin.ru

Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


МУЗЫКАМЕН жаттыққандар ТЕЗ АРЫҚТАЙДЫ


БҰЛ жаттығу ҚАНТ ДИАБЕТІнің алдын алады