​Панкреатитті МЫНА 4 жаттығумен емдеуге болады

0
3 617

Панкреатиттің асқынуы асқазан қатерлі ісігінің пайда болуына әкелуі мүмкін. Емдеуге асығыңыз!


​Панкреатитті МЫНА 4 жаттығумен емдеуге болады

фотолар ашық дереккөздерден алынды

Панкреатит – ұйқы безінің ауруы. Ал ұйқы безінің ауруына ас қорытуға қатысатын кез келген мүше жұмысының бұзылуы, нашарлауы себеп болады. Сонымен қатар көп уайымдау, стресс пен депрессия да - себепші.

Бір жаманы, панкреатит бірден байқалмайды. Ол холецистит, аш ішектің ойық жарасы, гастрит, бауырда токсиннің көбеюі т.б. дерттер асқынған жағдайда нақты білінеді.

Жалпы, панкреатит емделетін ауру. Дәрігер еммен бірге диета тағайындайды. Егер сол екеуімен бірге мынадай төрт емдік жаттығуды қоса орындасаңыз, сауығу процесі жылдамдайды. Сонымен қатар бұл емдік-сауықтыру жаттығулар панкреатит ауруының алдын алуға да жәрдемдеседі. Демек ұйқы безіңіз ауырмаса да, денсаулықты нығайту мақсатында орындауға болады.

Жаттығуды тегіс және қатты төсеніш үстінде жатып орындаған дұрыс. Басыңызға кішкентай жалпақ жастық қоюға болады. Жаттығу барысында бірқалыпты тыныс алыңыз.



1-жаттығу

1) Шалқаңыздан жатыңыз.

2) Тізені бүгіп, табандарыңызды еденге қойыңыз.

3) Аяқтарыңызды еденнен асықпай көтеріп, тізені кеудеңізге жақындатыңыз.

4) Баяу қимылмен табанды еденге қойып, бастапқы қалыпқа оралыңыз.

5) Жаттығуды физикалық жағдайыңызға қарай 5-10 рет қайталаңыз.



2-жаттығу

1) Шалқаңыздан жатыңыз.

2) Қолдарыңызды біріктіріп, желке тұсынан ұстаңыз.

3) Тізені бүгіп, табанды еденге тіреңіз.

4) Еденнен аяқты және онымен бірге басты көтеріңіз.

5) Екеуін бірдей қайтадан еденге қойыңыз.

6) Жаттығуды 5-6 рет қайталаңыз.



3-жаттығу

1) Аяқты созып шалқаңыздан жатыңыз.

2) Қол саусақтарын айқастырып, желкеге қойыңыз.

3) Тізені бүгіп аяқтарды жинаңыз. Табандар еденде.

4) Асықпай оң аяқ пен басты еденнен көтеріңіз.

5) Оң тізеге сол қол шынтағын тигізіңіз. Егер шамаңыз жетпесе жай жақындатуға да болады.

6) Бастыпқы қалыпқа оралыңыз.

7) Енді сол тізеге оң қол шынтағын тигізіңіз.

8) Асықпай бас пен аяқты еденге қойыңыз.

9) Жаттығуды (әр аяққа) 4-6 рет орындаңыз.



4-жаттығу

1) Етбетіңізден жатыңыз.

2) Қолдарыңызды дене тұсында ұстаңыз.

3) Басты, сосын кеудені баяу жоғары көтеріңіз.

4) Асықпай бастапқы қалыпқа оралыңыз.

5) Жаттығуды 5-10 рет қайталаңыз.


Ескерту:

  • Өтінде тас бар адамға орындауға болмайды.
  • Комплексті жаттығуларды бірге және асықпай, баяу орындау керек.
  • Жаттығу барысында қан қысымы жоғарылап кетсе немесе ұйқыбезі тұсында ауырсыну сезілсе, тоқтатқан жөн.

Дереккөз: zdrave.to

Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Қандағы қант мөлшерін қай спорт түрі азайтады?

Варикозды «емдейтін» ӨТЕ ОҢАЙ 6 жаттығу