​Жаттығу жасамай-ақ 4-7 келі САЛМАҚ ТАСТАЙ АЛАСЫЗ

0
3 496

Салатқа өте аз мөлшерде май қосу керек.


​Жаттығу жасамай-ақ 4-7 келі САЛМАҚ ТАСТАЙ АЛАСЫЗ

Арықтаудың қарапайым тәсілдері бар. Жаттығу жасамай, тамақтан бас тартпай-ақ, 4-5 келі салмақтан арылуға болады.


Қант жеуді азайтыңыз
Таза қанттың адам ағзасына тигізер пайдасы жоқтың қасы. Қант тек артық калория мен қарын тоқ болса да аштықтан хабар бергізеді. Сол себепті де тәтті шай, кофе, шырындар мен газды сулардан бас тартыңыз. Азық-түлік сатып аларда, әрбір тағамның құрамында қанша мөлшерде қант бар екенін есептеу керек. Себебі қант тек кондитерлік тәттілерге ғана қосылмайды. Осыны есте ұстаңыз. Қант консервілерге, жартылай фабрикаттарға, шұжық өнімдеріне де қосылады.

Ақ ұн
Бидай ұны да күріш немесе басқа да ұндар секілді глюкозаға бай. Сонымен қатар, крахмалдан тұратынын ұмытпау керек. Асқазан-ішек жолдарына түскеннен кейін ұн өнімдері глюкозаға айналады екен. Глюкоза көп бөлінген жағдайда ол май болып жинала бастайды. Ақ нан, макарон, картоп, күріш секілді азық-түліктерді сұлы өнімдеріне, қарақұмық жармасына, бұршақты дақылдарға алмастырған дұрыс. Жоғары сұрыпты ұннан дайындалған наннан бас тартып, оның орнына қара нан жеген жөн.

Майды азайту керек
Асты өте аз мөлшердегі майға қуырып дайындаңыз. Оған қоса етті майонезбен, тұздықтармен маринадтап, оның құнарлылығын одан әрі арттыра түсесіз. 1 ас қасық майда 250 ккал бар. Зиянды майды зиянсыз түрімен алмастыру арқылы мәселе шешілді деп ойлау қате. Пайдалы майды да аз-аздан пайдалану керек. Салатқа өте аз мөлшерде май қосып, ет пен балықты пеште пісіріңіз немесе қайнатуға, бұқтыруға болады.

Сорпаның түк те пайдасы жоқ
Пайдалы тағам құрамы ақуызға, көмірсулар мен майға, жасұныққа, минералды заттарға, дәрумендерге бай болуы қажет. Сұйық тағамдар қарынды тез тойдырып, сәлден соң-ақ асқазанды шұрылдатып жібереді. Тәбетіңіз ашылып, басқа да тағамдардан ауыз тиесіз. Сөйтіп көп жеп қойғаныңызды өзіңіз де байқамай қаласыз.
Майлы әрі тұзды сорпалар дененің ісінуіне алып келеді. Сондықтан да сорпаның орнына пеште піскен тауық еті мен көкөністерді жеген пайдалы. Әсіресе кешкі асқа жеңіл ас дайындауға тырысыңыз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Тез арықтау үшін ашқарын күйде ұйықтау керек


Әлемдегі ЕҢ СЕМІЗ бала арықтаймын деп ҚАЙТЫС болған