​"Сүйікті бол" диетасымен екі аптада 15 келі салмақ таста!

0
2 597

Қазіргі кезде "Сүйікті бол" диетасымен арықтағысы келетіндердің саны артқан. Бұл диетаның артықшылығы неде дейсіз ғой?! Әрине, емдәм өте нәтижелі, әңгіменің бәрі осында!


​

"Сүйікті бол" диетасымен 1 аптада 7 келі, ал екі аптада 15 келіге дейін салмақ жоғалтуға болады. Бірақ...

Аталмыш диета қаталдығымен ерекше. Ас мәзірінде еркінсуге жол жоқ. Диетаның 7, 10, 12, 14, 21 және 30 күнге арналғаны бар. Көбіне тез арықтағысы келетіндер 7-14 күн аралығында ұстауға болатын диета мәзіріне тоқталады екен. Бұл диетамен сіз арықтап қана қоймай, ауыр тағамдарды жемеудің арқасында денсаулығыңызды да біршама нығайтып аласыз.

Бүгін біз "Сүйікті бол" диетасының 7 күндік ас мәзірін ұсынатын боламыз.


7 күндік қарапайым диета

Жеті күнге арналған диетаны ары қарай жалғастырып, 14 күн ұстауға болады. Диетаның өзіндік мақсаттарымен таныс болыңыз:

Бірінші күні - ағзаны тазалау. Бұл күні тек сусындармен шектелесіз. Ұсынылатын сусындар мыналар: нәрсу (компот), шай, морс, кефир, тауық сорпасы, майсыз сүт, кофе, йогурт.

Екінші күн - көкөністерге арналады. Сондықтан да қалаған көкөністі жей аласыз.

Үшінші күн - сусын ішуді қайталаймыз.

Төртінші күн - жеміс-жидектер жейтін күн.

Бесінші күні - ақуызға басымдық бересіз. Яғни, ақуызға бай тағамдарды тұтынған абзал.

Алтыншы күн - қайтадан сусындармен шектелесіз.

Жетінші күні - диетадан шығу күні болып саналады. Сол себепті де диетаның соңғы күнінде ақуыз, жеміс-жидектер, көкөністер араласады. Ендеше диетамен таныс болсаңыз, арықтауды қолға алайық.


1-күн

Таңғы ас: айран

Түскі ас: тауық сорпасы

Бесін ас: табиғи шырын

Кешкі ас: табиғи йогурт.

2-күн

Таңғы ас: екі қызанақ

Түскі ас: қырыққабат, қияр, аскөк пен зәйтүн майы қосылған салат.

Бесін ас: қайнатылған қызылша

Кешкі ас: қияр мен болгар бұрышы қосылған салат.

3-күн

Таңғы ас: бір шыны көк шай

Түскі ас: бір стақан сүт

Бесін ас: тауық сорпасы

Кешкі ас: айран.

4-күн

Таңғы ас: екі дана апельсин мен 1 дана киви

Түскі ас: грейпфрут

Бесін ас: ананас, киви, алма

Кешкі ас: киви мен грейпфрут.

5-күн

Таңғы ас: екі дана қайнатылған жұмыртқа

Түскі ас: қайнатылған балық

Бесін ас: қайнатылған тауықтың төс еті, майсыз сүзбе

Кешкі ас: асшаян.

6-күн

Таңғы ас: асқабақ пен сәбіз шырыны

Түскі ас: тауық сорпасы мен айран

Бесін ас: бір шыны көк шай

Кешкі ас: бір шыны шөп шай.

7-күн

Таңғы ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа

Түскі ас: бір стақан грейпфрут шырыны

Бесін ас: көкөністерден дайындалған сорпа

Кешкі ас: ірімшік, қызанақ және қырыққабат қосылған салат.


Ескерту! Тек сусындардан құралған диета күнінде ас мәзіріне міндетті түрде тауық сорпасын қосыңыз. Өйткені тауық сорпасы қарынды тоқ қылып, әлсіздіктен сақтайды. Ағзаны пайдалы заттармен нәрлендіреді. Ал, тек жеміс-жидек жейтін күні қарапайым суды көбірек ішуге тырысыңыз. Сонда қарынның ашқанын сезбейсіз. Басқа күндері де су ішуді ұмытпау керек. Су ішкіңіз келмесе оның дәмін кіргізуге болады. Қарапайым суға лимон немесе қияр салып ішіңіз.Күн сайын тағамға түрлі дәнді-дақылдарды қосуға рұқсат. Жасұныққа бай дәнді-дақылдар асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартады.

Ақуызға басымдық берген күнітауық етін - күркетауық, балық, жұмыртқа, теңіз өнімдерімен алмастыруға болады.

Осы ескертпелер мен ас мәзірін толықтай ұстаған жағдайда мақсатыңызға жетесіз.

Аударған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Қан қысымыңыз жоғары ма? Ендеше МЫНА тамақтану тәртібі сізге көмектеседі


Арықтауға көмектесетін ақуызға бай омлеттер мәзірі