​Арықтағысы келетіндерге ЛАВАШ жеуге бола ма?

0
4 724

Лаваштың түріне қарай оның да калориясы өзгеріп отырады. Сондықтан да тағам дайындамас бұрын қандай лаваш түрін сатып алғаныңызды білгеніңіз дұрыс.


​Арықтағысы келетіндерге ЛАВАШ жеуге бола ма?

Бұрындары диетологтар арықтау үшін тамақтану рационынан ұннан жасалған тағамның бәрін алып тастау керек дейтін. Қазіргі кезде дұрыс тамақтану мамандарының көзқарасы өзгергендей. Себебі ұннан жасалған лаваштан пайдалы тағам дайындап шығаруға болады. Ал, мұндай тағамдар артық салмақтан арылып, семіздікпен қош айтысуға көмектеседі.

Лаваш – өте пайдалы әрі арықтау кезінде ас мәзіріне қосылуы керек тағамдардың бірі. Лаваштың азырақ бөлігіне өте пайдалы көкөністерді орап, түрлі тағамдарды жасауға болады. Әсіресе мереке қарсаңында лаваштың орны бөлек болады. Егер ерекше әрі дәмді тағам жегіңіз келсе, лаваштан мерекелік ас әзірлей аласыз.


Лавашта қанша калория бар?

Лаваштың түріне қарай оның да калориясы өзгеріп отырады. Сондықтан да тағам дайындамас бұрын қандай лаваш түрін сатып алғаныңызды білгеніңіз дұрыс. Мысалы:

Армян лавашы – 235 ккал.

Грузин лавашы – 270 ккал.

Өзбек лавашы – 260 ккалориядан тұрады.

Көбіне диеталық тағамдарды дайындауға армян лавашы қолданылады. Бұл лаваш жұмсақ әрі орауға ыңғайлы болады. Лаваштың басқа түрлерін де пайдалансаңыз, фигураңызға ешбір зиянын тигізбейді.

Лаваштан ПП тағамдар дайындап көрейік!


Лаваш пен алма орамасы


Қажетті қоспалар:

  • 1 дана жұқа лаваш
  • 3 дана орташа көлемдегі алма.
  • Даршын
  • Қант алмастырғыш
  • Табиғи йогурт

Дайындалу тәсілі:

  1. Тағамымызға қант қоспайтындықтан алманың тәтті сұрпын таңдаңыз. Сосын алманы жуып, үккіштен өткізесіз.
  2. Үккіштен өткізілген алмаға даршын ұнтағын қосып, жақсылап араластыру керек.
  3. Лавашты төрт бөлікке бөліп, әрқайсысына алма салмасын саламыз. Сосын орама жасаймыз.
  4. Лаваштың бетіне йогурт жағып, қыздырылған пешке салып, 20 минуттай пісіреміз.
  5. Пешті 180 градусқа дейін қыздырған дұрыс.


Сүзбе мен лаваш орамасы


Қажетті қоспалар:

  • 1 дана жұқа лаваш
  • 200 гр. сүзбе. Майсыз сүзбені пайдаланған дұрыс.
  • 2 дана банан.

Дайындалу тәсілі:

  1. Банан тәтті болса, қант алмастырғыш қосудың қажеті жоқ.
  2. Лавашқа сүзбені салып, оның бетіне туралған бананды қойып шығамыз. Сөйтіп орама жасап, пешке салып, 5-10 минут пісіреміз. Лавашымыз да дайын.


Лаваштан дайындалған ПИЦЦА


Қажетті қоспалар:

  • Теңіз өнімдері
  • Майсыз ет
  • Көкөністер
  • Майсыз ірімшік

Дайындалу тәсілі:

  1. Лаваштың бетіне осы өнімдердің қалағанын саласыз. Мысалы, теңіз өнімдерінен дайындағыңыз келсе, теңіз майшабақтарын салып, оның бетіне көкөністер, үккіштен өткізілген ірімшік себелесеңіз болады.
  2. Ал, майсыз еттен дайындау үшін етті қайнатып пісіріп аласыз да, пиццаның бетіне салып, ірімшікті себелейсіз. Көкөністерді қоссаңыз да болады. Сонда өте дәмді әрі калориясы аз пицца пісіп шығады.


Лаваштан дайындалған ПП чипсы


Қажетті қоспалар:

  • 200 гр. лаваш
  • 2 ас қасық өсімдік майы
  • 0,5 шай қасық тұз
  • Азырақ паприка дәмдеуіші.

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен лавашты төрт бұрыштап чипсыға ұқсатып турап аламыз.
  2. Сөйтіп осы чипсыларға өсімдік майын құйып, тұз, паприканы салып араластырамыз. Сосын пешке салып, 7 минуттай ұстаймыз. Чипсы дайын!

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Глютенсіз диетамен аптасына 5 келі салмақ тастауға болады


АЗ ҚИМЫЛДАЙТЫНДАРҒА АРНАЛҒАН: Диетасыз арықтаудың 5 құпиясы