​Ағзаны тазартатын 13 күндік диета

0
2 498

Бұл диетаны ұстаған жанның салмағы азайып, ағзасы тазарады. Бұдан бөлек аталмыш диета барлық зат алмасу жүйесінің жұмысын жақсартатынын да ескертеміз.


​Ағзаны тазартатын 13 күндік диета

13 күнге арналған диета осы аралықта сізді айтарлықтай өзгертеді. Егер қатал диетаны қолға алуға жүрексініп жүрген болсаңыз, біз ұсынған мәзір сізге барлық жағынан көмектеседі.


Бірінші және 13-ші күндер:

Таңғы ас: 1 стақан қантсыз ыстық су;

Түскі ас: зәйтүн майына бұқтырылған қырыққабат пен екі дана жұмыртқа.

Кешкі ас: 1 стақан қызанақ шырыны.


Екінші және 12-ші күндер:

Таңғы ас: табиғи кофе мен қара нан.

Түскі ас: көкөністер мен балықтан дайындалған стейк.

Кешкі ас: 1%-дық 1 стақан айран мен қайнатылған сиыр еті.


Үшінші және 11-ші күндер:

Таңғы ас: қантсыз кофе.

Түскі ас: Дәмдеуіштер қосылып бұқтырылған кәді.

Кешкі ас: 1-2 дана қайнатылған жұмыртқа, қайнатылған бұзау еті.


Төртінші және 10-шы күндер:

Таңғы ас: қант қосылмаған ыстық сусын.

Түскі ас: зәйтүн майына бұқтырылған жұмыртқа мен сәбіз.

Кешкі ас: 1-2 дана жеміс-жидек.



Бесінші және 9-шы күндер:

Таңғы ас: лимон шырыны қосылған ұсақтап туралған сәбіз.

Түскі ас: 1 стақан қызанақ шырыны мен 1 порция қайнатылған немесе буға піскен балық.

Кешкі ас: 1-2 дана жеміс.


Алтыншы және 8-ші күндер:

Таңғы ас: қантсыз қою кофе.

Түскі ас: Сәбіз бен қырыққабат салаты мен қайнатылған тауық еті.

Кешкі ас: зәйтүн майы қосылған ұсақтап туралған сәбіз.


7-ші күн:

Таңғы ас: 1 шыны қою кофе.

Түскі ас: 150 гр. қайнатылған сиыр еті, 1-2 дана жеміс.

Кешкі ас: 1 порция табиғи йогурт пен зәйтүн майы қосылған ұсақтап туралған сәбіз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Корей сұлулары МЫНА ДИЕТАны ұстайды


Қарын мен аяқты АРЫҚТАТАТЫН диета