​11 күнде 11 келі салмақ тастауға қалай қарайсыз?

0
2 949

Диета кезінде спортпен шұғылданудың қажеті жоқ.


​11 күнде 11 келі салмақ тастауға қалай қарайсыз?

11 күндік диетаны ұстансаңыз, күн сайын таңертең ісініп тұрмайтын боласыз. Әлсіздіктен арылып, сергектікті сезінесіз. Сонымен қатар, асқазан жұмысын да жеңілдетесіз!


Диета кезінде қандай азық-түліктер қажет болады?

  • Жеміс-жидектер: алма, лимон (көк алма әрі тәтті емесін таңдау керек, 11 штук лимон);
  • Ірімшік (сүзбемен алмастыруға болады).
  • 22 дана тауық жұмыртқасы;
  • Картоптан басқа барлық көкөністерді пайдалануға болады;
  • Аскөк (көп болса тіпті жақсы);
  • 500 мл. айран;
  • Газсыз минералды су;
  • Қарақұмық пен арпа.


11 күнге арналған ас мәзірі:


Ағзаны сергіту:

1 стақан жылы су және 1 тілім лимон.

Таңғы ас:

Жұмыртқа мен буға піскен қарақұмық. Қарақұмықты түнге қарай суға салып қою керек. Ботқамен бірге шай немесе кофе ішуге болады.

Екінші таңғы ас:

1 дана алма және минералды су.

Түскі ас:

Бір күн бұрын суға жібітілген арпа, көкөніс салаты, қантсыз сусын ішуге болады.

Бесін ас:

1 дана жұмыртқа, ½ бөлік қызанақ немесе қияр, минералды су.

Кешкі ас:

Буға піскен қарақұмық ботқасы (зәйтүн майына қуырылған пияз бен сәбіз қосуға болады).

Екінші кешкі ас:

500 мл айран.


Ескеретін жағдай:

Бұл диета түрінде етті мүлде қолданбайсыз. Бірақ, ағзаға қажетті ақуызды жұмыртқадан аламыз. Сондай-ақ, қарақұмық пен арпа жармаларының құрамында минералды заттар мен дәрумендер көп. Олар теріні тегістеуге, ішекті тазалауға көмектеседі.

Бірыңғай тамақтану тәртібі бойынша жүргізілетіндіктен, диета кезінде спортпен шұғылданудың қажеті жоқ. Дегенмен, жаяу жүру мен массаж жасаудан бас тартпағаныңыз дұрыс. Мұның барлығы тыныш ұйықтауға, терінің қалпын сақтауға септігін тигізеді.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Мына 4 жағдайда СҰЛЫ арықтауға көмектеспейді


САЛМАҚ ТАСТАУ үшін АРЫҚТАТАТЫН СОРПА ішу керек