​ПІДИЯ садақасы (фидия) деген не және КІМдерге МІНДЕТТІ?

0
8 092

Підия кімдерге парыз?


​ПІДИЯ садақасы (фидия) деген не және КІМдерге МІНДЕТТІ?

фото: cairo360.com

Қасиетті рамазан айының орта шегінен асып қалдық. Алла разылығы үшін ұстап жатқан оразаларыңыз қабыл болсын! Түрлі жағдайларға байланысты ораза ұстай алмаған жандар болса, олар МҰНЫ білуі тиіс.

Денсаулық жағдайына немесе белгілі бір жағдайларға байланысты ораза ұстай алмайтын жандар болса, міндетті түрде, кейін, мүмкіншілігі болғанда ораза ұстауы керек. Яғни қазасын өтеуі тиіс.

Шариғат бойынша, дін өкілдерінің айтуынша, уақытша емес, жағдайына байланысты мүлдем ораза ұстай алмайтын жандар үшін оразаның өтемін жасайтын жол бар.


Ол - ПІДИЯ

Бұл туралы Бақара сүресінің 184-аятында айтылады. Өмір бақи ораза ұстай алмайтын адам підия беру керек. Ислам дінінде бұйырылған белгілі бір құлшылықтың орнына төлем жасау «підия» деп аталады. Алла Тағала: «Парыз ораза санаулы әрі белгілі күндерде ғана өтеледі. Араларыңнан әлдекім ауырып қалып немесе сапарда жүріп ораза ұстамаса, (қаза болған күндерін) басқа уақытта ұстасын. Ораза ұстауға шамасы әзер жететіндер (яғни, қарттар және созылмалы дертке шалдыққан науқастар қаза болған әр күнге) підия ретінде бір жарлының (бір күндік екі мезгіл) тамағын (немесе соның құнын ақшалай) беруі керек»[1] деді.

Егер адамның денсаулығына қауіп төнетіндей жағдай болса, дәрігерлердің рұқсаты болмаса, Алланың адамға берген аманатына, яғни денсаулығына қиянат жасауына болмайды. Сондықтан, әртүрлі ауыр сырқаттар мысалы туберкулез, қатерлі ісік, қант диабеті, асқазан жарасы, тыныс және жүрек демікпесі секілді сауығуына күдер үзген ауруға шалдыққан науқастар және жасы үлкен егде адамдар ауыз бекітуге шамасы келмесе, ораза ұстамайды. Оның орнына підия береді. Підия садақасы - ол орта есеппен бір адамның күнделікті (таңғы және кешкі) тойып ішетін асы. Дін қызметкерлерінің ұйғарымы бойынша, оның мөлшері қазіргі таңда ең азы 3000 (үш мың) теңге деп белгіленді.

фото: pavlodar.restoran.kz

«Егер ораза ұстауға шамасы келмейтін адам підия садақасын беруге де шамасы жетпесе ше?» деген сұрақ туындайды. Егер підия садақасын беруге шамасы келмеген адам пітір садақасының мөлшерімен підия садақасын өтеуіне болады. Биылғы пітір садақасы 500 теңге болып бекітілген. Підия садақасына шамасы жетпеген адам пітір садақасының көлеміндей беруге міндетті.

Егер оған да мүмкіндігі болмайтын міскін болса, Алла-Тағаладан ораза ұстай алмағаны үшін, підия садақасын бере алмағаны үшін кешірім сұрап, « Аллаһым, ниетімді қабыл ете гөр» деп дұға тілейді.

Демек, Підия мәселесі бір-екі жылдың көлемінде пайда болған нәрсе емес, ислам діні ораза ұстауды парыз еткеннен бері, 14 ғасырдан бері келе жатқан нәрсе. Сондықтан, ораза ұстай алмайтын адамға підия садақасын беру міндетті.

Бірнеше күннің підиясын бір адамға немесе бірнеше адамға бөліп бере алады. Бұл садақа халықтың кедей топтарына, тұрмыстық жағдайы төмен көп балалы отбасына, халі нашар мүгедек жандарға үлестіріледі.

Жинақтаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ҚАДІР ТҮНІ қандай адамдардың ҚҰЛШЫЛЫҒЫ қабыл болмайды?



КӨЗ ТИГЕН баланы ҰЛТАРАҚпен ұшықтайды