Сүзбе мен лимон қосылған тәтті күлше

0
1 609

Тәтті күлшені дайындаудың еш қиындығы жоқ. Тіпті, мұндай мәзірмен балалар да дайындай алады. Ендеше тез әрі оңай жасалатын печенье мәзірімен таныс болыңыз!


Сүзбе мен лимон қосылған тәтті күлше


Қажетті өнімдер:

  • 100 гр. сүзбе
  • 50 гр. қант ұнтағы.
  • 50-60 гр. қант
  • 1 дана жұмыртқаның сары уызы
  • 50 гр. сары май
  • 10 гр. бал
  • Ванилин
  • 100 гр. ұн
  • 3 гр. қамыр қопсытқыш
  • ½ ас қасық лимон қабығы


Дайындалу тәсілі:

  1. Табаққа сүзбені, қант пен жұмыртқаны салып, араластырамыз. Миксердің көмегіемн араластыруға да болады. Сонда барлығы біркелкі араласады.
  2. Сары майды ерітіп, суыған соң сүзбе араласпасына қосамыз. Балды да дәл солай қыздырып, қосады. Ванилинді салыңыз да, барлығын жақсылап араластырыңыз. Соңында ұн мен үккіштен өткізілген лимон қабығын саламыз. Қолмен араластырып, қамыр илейміз.
  3. Әбден иленген қамырды үстелдің үстіне қойып, тағы да бір илеп жібереміз. Сосын тақтайға қойып, жаямыз. Жайылған қамырды қалаған формада кесіп, 180 градусқа дейін қыздырылған пешке салып пісіріп аламыз.

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


"Екеуі біреуінде" - екі түрлі салма салынған ТҰШПАРА мәзірі