Рамазан айында бәлішке алкоголь қоспаңыз

0
5 105

Рамазан айы ғана емес, басқа уақытта да мұндай өнімдерді пісірмелерге, тағамдарға да қоспаған дұрыс.


Рамазан айында бәлішке алкоголь қоспаңыз

Алкогольді қоспасаңызда оның орнын алмастыратын өнімдерді біліп алсаңыз болғаны. Әсіресе осындай қасиетті рамазан айында ішімдік қоспай-ақ ас пісіруді әдетке айналдырсаңыз, ары қарай да сол ісіңізді жалғастыратын боласыз. Әрқашанда жақсы, пайдалы істі үйренгенге ештеңе жетпейді. Ендеше, алкогольді ішімдікті немен алмастыруға болатынын білмей жүрген болсаңыз, төмендегі тізімге көз жүгірте отырыңыз!


Шырындар


Мәселен түрлі тұздықтар, көкөністер мен салаттарға арналған дәмдеуіштерге шарап қосу керек болады. Оның орнын сіз анар шырынымен толықтыра аласыз. Себебі анар шырынында шараптың құрамында бар қышқылдылық, ауыз қуырарлық дәм, хош иіс бәрі жетерлік. Сондықтан да шарап қоспас бұрын осыны бір сәт есіңізге алыңыз.

Мүкжидек шырыны да анар шырынына ұқсайды. Бұл шырынды пайдаланарда сірке суын қоса пайдалансаңыз да болады.

Жүзім шырыны ақ шараптың орнын баса алады. Бірақ та шырынды алдымен сірке суымен араластырып алу керек. Сонда тағам да, басқа пісірмелер де жұмсақ әрі дәмді болып шығады.


Алма шырыны


Алмалардың дәмі әртүрлі болып келеді. Бірі тым қышқыл болса, енді бірі тәттілеу болып шығады. Табиғи алма шырынын пайдаланатын болсаңыз, осы қышқылдылыққа мән беру керек екенін ескеріңіз. Егер қышқылдылығы басымдау шырын болса, қант қосасыз, ал, қышқылы аздау болса, сірке суымен араластырған дұрыс. Сонда сіз өзіңізге қажетті шараптың дәмін шығаратын боласыз.


Лимон шырыны

Қандай да бір тағамға ақ шарап қосу керек болса, оның орнына лимон шырынын пайдалансаңыз болады. Ол үшін лимон шырыны мен суды бірдей көлемде алып, араластыру қажет. Содан кейін ғана шырынды пайдалана бересіз.


Сорпа

Шараптың орнын қарапайым сорпа да баса алады. Мысалы, тауық немесе көкөніс сорпасына сірке суын немесе қант қосу арқылы тағамның дәмін кіргізуге болады.

Егер тағамға сыра қосу керек болса, оның орнына тауық сорпасын немесе алма шырынын пайдаланыңыз. Сонымен қатар, сиыр етінің сорпасы да сыраны алмастыратынын естеріңізге саламыз.


Шабдалы шырыны


Ал, аққайнар қосылатын мәзірге алма шырынын қосуды ұсынамыз. Бірақ алма шырынын алдымен газдалған сумен араластырып, содан кейін ғана асханада пайдалана беріңіз.

Коньяктың орнын не алмастыра алатынын білгіңіз келе ме? Иә, бұл күшті алкогольдің де орнын басатын шырындар бар екен. Мысалы, шабдалы, өрік, алмұрт шырындарын айтуға болады.

Ром. Бұл алкогольдің орнына көк жүзімнің шырыны мен ананас немесе алма шырынын араластырып аласыз. Сосын осы араласпаға бадам жаңғағының сығындысын қосу керек. Осылайша ерекше ішімдіктің орнын толтыру қиындық тудырмайды.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Қойдың қабырғасынан дайындалған дәмді тағамдар


Таңғы және кешкі асқа өте дәмді ГАЛЕТА дайындап көріңіз


Ауызашарға қандай тағам дайындау керектігін білесіз бе?