МҰҒАЛІМДЕР мен ОҚУШЫЛАРҒА күзде КАКАО ішкен пайдалы

0
4 017

Күні бойы мұғалімдердің білім беруі үшін, оқушылардың білім алуы кезінде миларына айтарлықтай ауырлық түседі. Ал, какао дәл осы ауырлықты болдырмауға көмектесетін ең пайдалы сусын.


МҰҒАЛІМДЕР мен ОҚУШЫЛАРҒА күзде КАКАО ішкен пайдалы

Таңертең балаңызды ұйқысынан ояту қиынға соға ма? Оның ұйқысын ашып, күні бойы сергек жүруіне кһмектесетін сусын бар. Таңертеңгі какаоның хош иісі шыққанда ол төсегінен оп-оңай тұратын болады. Бүгін біз какао сусыны жайлы біраз мәлімет береміз. Ең алдымен оның құрамымен танысып, соңынан түрлі рецепттерін ұсынамыз.

Табиғи какао А, Е, К, РР және В тобындағы дәрумендер мен түрлі минералды заттарға бай. Фосфор, магний, марганец, мыс, мырыш, селен сынды минералдар мен басқа да пайдалы дәрумендер балалар мен мұғалімдердің бойын сергітіп, күш-қуат беретіні сөзсіз.

100 гр. какао ұнтағы 10% ақуыз, 32% майлар, 14% қанттан тұрады. Какаоның осы мөлшерінде қан тамырларының бұзылуына жол бермейтін, есте сақтау қабілетін жақсартатын 7 гр. антиоксиданттар да бар. Күні бойы мұғалімдердің білім беруі үшін, оқушылардың білім алуы кезінде миларына айтарлықтай ауырлық түседі. Ал, какао дәл осы ауырлықты болдырмауға көмектесетін ең пайдалы сусын.


Какаоның басқа да пайдалы әсерлері:


  • Қанайналымды жақсартып, оның құрамындағы антиоксиданттар қанды тазалап, жылдамдығын арттырады.
  • Миды қартаюдан сақтайды. Қан тамырларының жұмысы белсенді бола түскен сайын мидың жағдайы да жақсарады. Осылайша белсенді қанайналым мидың қартаймауына әсер ете алады екен.
  • Қан қысымын қалыпқа келтіреді.
  • Ағзадағы зиянды холестерин мен қантты азайтады.
  • Иммунитетті нығайтады. Өте пайдалы дәрумендер мен минералды заттардан құралған какаоны ішкеннен кейін ересек адам да, бала да сергектікті сезінеді.
  • Какао арықтауға септігін тигізеді. Оның 100 грамында 230 ккал болғанына қарамастан физикалық жаттығу жасағаннан кейін бұл сусынды ішкен дұрыс дейді диетологтар. Тек қана какаоны қантсыз, аз мөлшердегі сүтпен немесе сумен дайындап ішсе, пайдасы көбеймесе азаймайды екен.


Сүт пен қант қосылған какао

Қажетті қоспалар:

  • 1 шай қасық какао
  • 2 шай қасық қант
  • 1 ас қасық су
  • 150 мл сүт

Дайындалуы:

  1. Шыны ыдысқа 1 шай қасық какаоны салыңыз. Сосын оған 2 шай қасық қант қосасыз.
  2. 1 ас қасық суды құйып, жақсылап араластырыңыз. Соңында сүтті құйып, араластырасыз да, отқа қойып қайнатасыз.
  3. Дайын какаоны қалаған ыдысқа құйып іше беруге болады.


Халва мен зімбір қосылған какао

Қажетті қоспалар:

  • 300 мл сүт
  • 300 мл су
  • 3 шай қасық қант
  • 50 гр. қара шоколад
  • 30 гр. какао ұнтағы
  • 1 шай қасық зімбір
  • 50 гр. халва

Дайындалуы:

  1. Ең алдымен халваны шанышқымен ұнтақтап аламыз.
  2. Табаққа зімбір, какао, сүт, ыстық суды құйып, жай отта қайнатамыз. 1-2 минут қайнағаннан кейін табақты оттан аламыз.
  3. Қант қосып, шоколадты сындырып саламыз. Барлығын шоколад пен қант ерігенше жақсылап араластырып, бокалдарға құйып іше беруге болады.


Жүгері крахмалы қосылған какао сусыны


Қажетті қоспалар:

  • 350 мл сүт
  • 1 ас қасық какао ұнтағы
  • 1 ас қасық жүгері крахмалы
  • 1,5 ас қасық қант

Дайындалуы:

  1. 300 мл сүтті кастрөлге құйып, отқа қойыңыз. Қайнаған соң отты бәсеңдеткен дұрыс.
  2. Бөлек ыдысқа қант пен какао ұнтағын салып араластырып, сүтке ас қасықпен саласыз. Араластыруды жалғастыра отырып, жай отта қайнатқан дұрыс.
  3. 50 мл сүтті жүгері крахмалымен араластырып,қайнап жатқан сүтке саласыз. Кисель 3-4 минут қайнаған соң қоюлана бастайды. Осы уақытта отты өшіріп, кисельдің қақпағын жауып 4-5 минут қоя тұрған дұрыс. Сонда кисель барынша қоюланып, дәмі де кіре түседі.
  4. Дайын кисельді ыдыстарға құйып, жаңғақпен, қант ұнтағымен немесе даршынмен әсемдеп, іше беруге болады.


Қарақұмық жармасынан дайындалған какао


Қажетті қоспалар:

  • 300 мл сүт
  • 1 ас қасық қарақұмық жармасы
  • 1 ас қасық какао ұнтағы
  • 2 шай қасық бал
  • 1/3 шай қасық даршын ұнтағы.

Дайындалуы:

  1. Кешкілік уақыттасалқын сүтке қарақұмық жармасын салып қойыңыз. Сосын какао салып, араластырыңыз да тоңазытқышқа сала салыңыз.
  2. Таңертең қарақұмық жармасы мен какао салынған табақты отқа қойып, 5 минут қайнатасыз. Бірақ какаоны қозғап отыруды ұмытпаймыз.
  3. Кейіннен сусынды блендермен араластырып, біркелкі массаға айналдырасыз.
  4. Дайын сусынға бал мен даршынды қосып, қайтадан отқа қоясыз.
  5. Міне, какао сусыны да дайын болды. Енді какаоны шыны ыдыстарға құйып, іше беріге болады.
  6. Даршынды ұнатпайтындар какаоға бұл дәмдеуішті қоспаса да болады. Мұндай сусын таңертеңгілік ұйқыны ашып, бойыңызға сергектік сыйлайды.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Құлпынай қосылған трайфл


Қыстың қамы: маринадталған қияр мен қызанақ