Мерекелік ірімшік орамасы

0
2 190

Мерекелік дастарханның сәнін дәмді әрі түрлі-түсті орамалар келтіреді.


Мерекелік ірімшік орамасы

Жаңа жыл қарсаңында әр үйде Жаңа жылдық дастархан жайылып, көңіл-күй де көтеріңкі болады. Үйбикелері бұл уақытта тәтті-дәмділерін пісіріп, келетін қонақтың көңілінен шығуға барынша тырысып бағады. Осындайда мына мәзір бойынша орама дайындасаңыздар болады.


Қажетті қоспалар:

  • 300 гр. балқытылған ірімшік
  • 3 дана жұмыртқа
  • 300 гр. қаймақ
  • 3 ас қасық ұн
  • 1 шай қасық соя соусы
  • Салма үшін:
  • 250 гр. тауық еті
  • 100 гр. балқытылған ірімшік
  • 1 шай қасық соя соусы
  • 2 ас қасық қаймақ
  • ½ шай қасық тәтті қызыл бұрыш (паприка)


Дайындалу тәсілі:

  1. Миксерге жұмыртқа, қаймақ және ұн салып жақсылап араластырамыз.
  2. Балқытылған ірімшікті үккіштен өткізіп, соя соусымен бірге қаймақ араласпасына қосу керек. Барлығын жақсылап араластырамыз. Сосын арнайы қағазды үстелдің үстіне салып, майлаймыз да, үштен бір бөлігін төртбұрышты етіп жаямыз. Содан соң пешке салып, 10 минуттай пісіру керек. Пісіп шыққан тәтті нанды қағаздан ажыратып, бір шетке алып қоя береміз. Осылайша үш рет пісіріп алу керек.
  3. Енді салмасын дайындаймыз. Ол үшін қайнатылған тауық етін блендерге салып езбе жасаймыз. Осы езбеге енді балқытылған ірімшікті, тәтті қызыл бұрышты, соя соусы мен қаймақты салып, жақсылап араластырады. Сонда өте қою салма шығуы тиіс.
  4. Енді пісіп шыққан тәтті нандардың арасына салманы салып, орама жасауымыз керек. Ол үшін үш нанды қатар-қатар жайып, бетіне салманы саламыз да, шетінен бастап ораймыз. Сонда орама да дайын болады. Дайын ораманы 1-2 сағат тоңазытқышқа салып қойыңыз.

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ МӘЗІР: Қолдан жасалған кәмпиттер


Қоян жылында «ҚОЯН» жеу керек