​Қысқы мәзір: табада піскен мандарин пирогы

0
2 923

Қыстың суығында пирогпен шай ішкенге не жетсін?!


​Қысқы мәзір: табада піскен мандарин пирогы

Қыз-келіншектер үшін ас мәзірін дайындау соншалықты қиындық тудырмайды. Дегенмен жаңа тәтті тағамды немесе қандай да бір ерекше пісірме дайындау үшін біршама уақыттары кететіні белгілі. Алайда бүгінгі мандариннен дайындалатын пирогтың жасалуы өте оңай. Сіз де пісіріп көріңіз.


Қажетті қоспалар:

  • 50 гр. қант
  • 60 мл өсімдік майы
  • 100 мл сүт
  • 170 гр. ұн
  • 20 гр. сары май
  • 20 гр. қант
  • 1 шай қасық қант қопсытқыш
  • 5-6 дана мандарин


Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен пирогқа қажетті қамырымызды дайындап аламыз. Ол үшін шұңғыл табаққа қант пен жұмыртқаны салып, араластыру керек. Әбден араласқаннан кейін осыған өсімдік майы мен сүтті қосамыз. Тағы да венчикпен жақсылап араластырып, ұн салып, біркелкі массаға айналғанша араластырсақ болады.
  2. Мінекей, қамырымыз да дайын болды.
  3. Енді пирогтың салмасына кірісеміз. Ол үшін мандариндердің қабығын аршып, ортасынан бөліп шығамыз.
  4. Енді табаға 20 грамм сары май мен қантты салып, отқа қойып ерітеміз. Ерігеннен кейін осы қоймалжыңға мандариндерді саламыз. Оның үстіне қамырды тегістеп құйып, табаның қақпағын жабамыз. Отты жай қойып, 20 минуттай өте жай отта пісіру керек. Осы уақыт өткеннен кейін пирогтың екінші бетін аударып, қызарғанша пісіреміз.
  5. Пирогтың екінші бетін аудару үшін табаның бетіне көлемі бірдей тәрелкені қойып, аударып аласыз да, пирогты қайтадан табаға саласыз. Сосын ары қарай пісіруді жалғастырасыз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Асқабақтың ішінде піскен ПАЛАУ


Мерекелік ірімшік орамасы