​Қоян жылында «ҚОЯН» жеу керек

0
2 579

Өте дәмді салат!


​Қоян жылында «ҚОЯН» жеу керек

Жаңа жылдық дастарханға қандай салат жасарыңызды білмей отырсыз ба? Әрине, мерекелік көңіл-күйді сәнді етіп жайылған дастархан көтеретіні белгілі. Жаңа жылда үйіңізге келген қонақтарға қуаныш сыйлағыңыз келсе, «ҚОЯН» салатын жасап ұсыныңыз!


Қажетті қоспалар:

  • 160 гр. тауық еті
  • Дәмдеуіштер
  • Дәміне қарай тұз
  • 4 дана жұмыртқа
  • 120 гр. маринадталған қияр
  • 100 гр. болгар бұрышы
  • 120 гр. ірімшік
  • 80 гр. майонез
  • 1 дана сәбіз
  • 3 дана зәйтүн


Дайындалу тәсілі:

Тауық етін тазалап жуып, кептіріңіз. Сөйтіп тауық етіне тұз бен дәмдеуіштерді жағып, фольга қағазына орап қойыңыз.

Пешті 180 градусқа қойып қыздырып, тауық етін пісіріп аласыз. Піскен тауық етін пештен алып, суытып қойыңыз. Тауық етін пеште пісірмей-ақ, қайнатуға немесе қуыруға да болады.

Піскен тауық етін майдалап турау керек.

Жұмыртқаны да жуып, қайнатасыз. Сосын салқын суға салып, қабығын аршисыз. Екі жұмыртқаның ақ уызы мен 1 дана сары уызын салаттың бетін сәндеуге алып қалыңыз. Қалғанын майдалап турайсыз.

Маринадталған қырыққабатты да текшелеп әрі майдалап турау керек.

Болгар бұрышын жуып, дәндерін алып, текшелеп турайсыз. Болгар бұрышынан да салатты сәндеуге азырақ алып қалыңыз.


Салатқа арналған тәрелкеге алдымен тауық етін саласыз. Бірақ та тауық етінен қоянның басын жасайсыз. Оның бетіне майонез немесе қаймақ жақсаңыз болады.

Тауық етінен соң маринадталған қиярды, қайнатылған жұмыртқаны, болгар бұрышын кезек-кезек салып, майонез жағып отырасыз.

Ірімшікті майда үккіштен өткізіп, салаттың бетіне себелейсіз.

Енді сәбізді қайнатып, оны да үккіштен өткізесіз. Жұмыртқаның ақуызын да үккіштен өткізуді ұмытпаңыз.

Салаттың бетіне, жан-жағына майонез жағып, оның бетіне жұмыртқаның ақуызын жабыстырып немесе себелеп шығыңыз. Қоянның құлағын үккіштен өткізілген сәбізден жасайсыз.


Сәбіздің қалғанын майонезбен араластырып, қоянның бантигін жасаңыз. Зәйтүндерден қоянның көзі мен мұрнын, болгар бұрышынан аузын жасаған дұрыс.

Тұмсығының екі шетіне жұмыртқаның сары уызын, мұртшаларын аскөк сабақтарынан жасау керек. Салатты өз қалауыңызбен де әрлей берсеңіз болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Күзгі пирогтар мәзірі


Асқабақ қосылған өте нәзік тәтті орама