Кәдіден дайындалған ИКРА

0
4 476


Кәдіден дайындалған ИКРА

Кәді күзгі көкөністердің ішіндегі ең пайдалы әрі дәмдісі. Егер дәл осы көкөністен икра дайындайтын болсаңыз, қыста әрбір тағамды рахаттана жейтін боласыз. Кәді икрасын дайындау да қиын емес.


Қажетті қоспалар:

  • 2,5 кг кәді
  • 600 гр. сәбіз
  • 400 гр. пияз
  • 300 гр. томат тұздығы
  • 200 мл өсімдік майы
  • 1 ас қасық тұз
  • 4 ас қасық қант
  • 9%-дық 1 шай қасық сірке су.


Дайындалу тәсілі:

  1. Икраны дайындау үшін сізге блендер немесе асханалық комбайн машинасы керек болады. Егер осындай құралыңыз болса, икраны дайындау оңай.
  2. Алдымен кәдіні жұқалап турап, дәндерін алып тастаймыз. Туралған кәділерді өсімдік майына қуырамыз. Кәділер сарғайғанша қуыру керек.
  3. Пияздың қабығын аршып, оны да қуырамыз. Сәбізді де ұзыншалап турап, өсімдік майына қуырамыз.
  4. Содан соң қуырылған көкөністерді блендерге салып, біркелкі массаға айналғанша майдалаймыз. Томат тұздығын блендерге салып, барлығын тағы бір араластырамыз.
  5. Енді осы қоймалжыңға тұз, қант, сірке суын салып, жай отқа қоямыз. Қазанның қақпағын жауып қоюды ұмытпаңыз. Икраны үнемі қозғап отырып, 30 минут бұқтырамыз.
  6. Егер мұндай икраны көбірек жауып алғыңыз келсе, қоспаларды екі еселесеңіз болғаны.


ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Тұмауратқанда қайнатпа сорпа ішкен пайдалы


Кептірілген өрік пен жаңғақ салынған тәтті пирог