Асқабақ қосылған ​өте нәзік тәтті орама

0
4 773

Күзгі бақшаның бай қазынасы - асқабақ.


Асқабақ қосылған ​өте нәзік тәтті орама

Асқабақта дәрумен де, пайдалы минералдар да өте көп. Осы көкөністі тәтті орамаға қосатын болсаңыз, пісірмеңіз бірден пайдалы тағамға айналады. Олай болса, орама мәзіріне назар аударайық!


Қажетті қоспалар:

  • 150 гр. асқабақ
  • 3 дана жұмыртқа
  • 1 стақан ұн
  • 2 стақан қант
  • 1 ас қасық қаймақ
  • 1 шай қасық қамыр қопсытқыш, тұз
  • 0,5 л сүт
  • 4 ас қасық ұнтақ жармасы
  • 150 гр. сары май
  • лимон қабығы


Дайындалу тәсілі:

  1. Алдымен сүтті отқа қойып, 1 стақан қант пен ұнтақ жармасын салып, ботқа дайындап аламыз. Сосын ботқаны біраз суытып, миксермен араластырамыз.
  2. Ботқаға сары майды қосып, ары қарай миксерлей береміз. Осы уақытта кремге үккіштен өткізілген лимон қабығын қосамыз.
  3. Коржды дайындау үшін қамырға қажетті қоспаларды табаққа салып араластыру керек. Егер қамыр қоюлау боп қалса, қаймақтан тағы азырақ қосуға болады.
  4. Дайын қамырды табаға құйып, 180 градусқа қыздырылған пеште пісіреміз.
  5. Пісіп шыққан коржды орап, біраз қойып қоямыз. Кейіннен қайта жазып, арасына кремді салып, қайтадан ораймыз. Ораманы әсемдеп, тоңазытқышқа салып қоямыз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Кәдіден дайындалған ИКРА


Тұмауратқанда қайнатпа сорпа ішкен пайдалы