Алматылық жігіт әйелдерге арнап 25 мың қызғалдақ өсірді

1
3 678

Ол бірнеше кәсіппен айналысып көрген. Тіпті, жылыжайда қияр да өсіріп, ешкі сүтінен жасалған балмұздақ та сатумен айналысқан.


Алматылық жігіт әйелдерге арнап 25 мың қызғалдақ өсірді

Әлеуметтік желі қолданушыларын көптен бері қызғалдақ өсірумен айналысып жүрген, гүлдің әрбірін баладай мәпелеп күтіп, әр бүршік жарғанына шаттана қуанған іскер жігіт таңдандырып келеді. Иә, ол өсіріп жатқан гүлдерін баладай күтті, бақты-баптады. Енді міне, көктемнің келуін өзінің ғажап гүлдерімен қарсы алып отырған ол алдағы Халықаралық Әйелдер күніне орай 25 мың түп қызғалдақты дайындап отыр.

Қызғалдақ өсірген алматылық жас кәсіпкер Олжас Серікпен ERNUR.KZ тілшісі сұхбаттасқан еді.


- Алматы аруларына мейрамға орай қанша қызғалдақ дайындап отырсыз?

- Жиырма бес мың!

- Керемет! Қызғалдақ өсіру ойыңызға қалай келді? Түрлі қиындықтарға да тап болған шығарсыз?

- Бұл бизнеске келу себебім де бар. Негізінде гүл немесе басқасын өсіру болсын, кез келгенінің өсіп өнуіне, жақсылық жасау арқылы адамгершілік тұрғысынан да, аграрлық маман иесі болғандықтан жақсы сезім қалыптасады менде. Жалпы кез келген бизнестің алғы шарты - ол біреуге пайпалы іс жасау. Қызғалдақтарды өсіргенде қаншама нәзік жанға әдемі сый және көңіл-күй сыйлайтын сәт көз алдыма келді.

Алдымен бизнесті бастағанда мен желіде net working түрін пайдаланамын. Яғни, көптеген адамдармен байланысқа шығу және мамандар іздеу арақылы жұмыс жасау. Сонымен қоса аграрлық унверситетте оқысам да қызғалдақтар жайлы бір ай бойы ақпарат көздерінен көріп-біліп жасаған зерттеуім үлкен тәжірибе болды. Жылыжайда өсіретін болғандықтан оған микроклимат жасау, ауаның айналымы, дымқылдығы, темперетуралық режимі, күнделікті суғару және ауаны желдетіп ауысытырып тұру, топырақтың құнарлығын қарау, дәрумендер мен әр түрлі қоспалармен қоректендіру туралы толық білгеннен кейін ғана іске кірістім.

Белгілі мамандардың айтуымен келісіп күзде Голландиядан мықты әр түрліқызғалдақтың пияздарын алдырттым. Пияздардың екі түрі болады - суытылған және суытылмаған. Суытылған түрі төменгі температурада пияздарды ұйқыға жібереді. Сол ұйқыға кеткенде өздеріне белгілі элементтер бөлініп өте дені сау, әдемі гүлдің өсіп шығуынаәсер ететін жағдай қалыптасады. Мен сол суытылған түріп алып ектім. Сырт көзге қызғалдақтар әдемі болып өсіп шыққанымен оны үш ай бойы баптап, өсіру - өте қиын іс.

- Қызғалдақтарды сату жұмысын қалай жоспарлап отырсыз?

- Қазір қызғалдақтар өсіп бабында тұр. Енді оларды өсіру ғана емес, осыншама бапталған әсем дүниені жинаудың өзі үлкен шаруа. Қиыншылығы да бар, бұдан енді оны сату мәселесін қарастыру, бәсекелестікке түсу тағы бар. Үлкен жылыжайлары барлар көтерме бағада беріп жібереді. Менікі шағын болғандықтан еткен еңбектің нәтижесін шығару мақсатында өзіме де өзгеге де тиімді бағамен сатылу жолдары мен адамдармен байланысып, жоспарлар жасап жатырмын.

- Мұнан да басқа бизнестермен айналысқаныңызды әлеуметтік желіден байқаған едік...

Мен Алматыда Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде оқыдым. Сонымен қосаГолландияда WageningenUniversity-де магистр бойынша білім алғанмын. Елге оралып бірнеше мемлекеттік қызметтер атқардым. Адам жан дүниесі бір іспен айналысқанда рахаттана, жүрек қалауымен жасауы керек екен. Мемлекеттік қызметтер менікі емес екенін және көңілім толмайтынын түсіндім.

Ең алғаш бизнес саласын сұлулық салонын ашудан, балаларға арналған киім дүкенінен бастаған болатынмын. Қазір одан бері 4 жыл ішінде өзіме қаншама қызық болған бизнес түрлерімен айналасып көрдім. Айта кететін болсам Алматы және Астана қалаларындағы квест орталықтары, былтыр бастаған дондурма - Қазақстанда болмаған ешкі сүтінен әзірленентін балмұздағы, тіпті, жылыжайда қияр да өсіріп көрдім.

- Сол тәжірибелеріңізден не түйдіңіз?

- Кәсіпкер болу оңай іс емес. Әр кәсіпті байқап бастау және команда болып келісіп бір істі толығымен аяқтау үшін үлкен қиыншылықтармен нәтижеге жетеді. Меніңнегізгі ұстанымым - барлық ақпаратты қарап отырып «Қазақстанда не жоқ, қандай бизнес түрі дамымай келеді, оны мен жасағанда халыққа пайдасын әкеле аламын ба?» деген секілді сауалдарға жауап беру. Осы критерийлер жауабын таба алғанда ғана толығымен зерттеу жүргізіп жаңа кәсіпті бастаймын. Егер пайда түсіп жатса ол жеке мен үшін емес, халыққа пайдалы тағы бір кәсіп пайда болады деген сөз. Ал атым еленіп қалып жатса ол еңбектің нәтижесі деп білемін.

- Бизнеспен айналысу үшін адамға не керек деп түйдіңіз?

- Өзіңізді өзгелерге іс адамы ретінде көрсетіп, таныстыра білу қажет. Тіке айтқанда, өзіңді сата білген жөн. Іс жолында табандылық таныту, байлыққа, дәулетке, ақшаға, кедейлікке дұрыс көзқарас қалыптастыру маңызды. Адамдармен бірлікке келіп, келіссөз жасаса алу қабілет бұл ең маңызды қасиет дер едім.

- Ісіңізге сәттілік тілейміз!

Суреттер Олжас Серіктің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды