Қысқа сапарлар КӨЛІКТІ БҰЗАДЫ - бұл рас па?

0
2 783


Қысқа сапарлар КӨЛІКТІ БҰЗАДЫ - бұл рас па?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Егер көлікпен жасалған сапардың ұзақтығы 8 шақырымнан аспаса, сіздің көлігіңізге қауіп келуі мүмкін. Әсіресе, күн суық қыс мезгілінде Бірақ, проблеманың алдын алатын әдістер де бар.


1. Май қасиеттерін жоғалтады

Қозғалтқыш қызған кезде жанармай майға түседі. Бұл қозғалтқыш қызбаған кезде байытылған қоспада жұмыс істейтіндіктен болады. Ал, қысқа сапарда жанармайдың булануға уақыты болмай, май құрамына жиналып, оның қасиеттерін нашарлатады. Мұндай жүру режимдерінде майға отын ғана емес, су да жиналады. Қозғалтқыш салқындаған кезде цилиндрлердің қабырғаларында конденсация пайда болады және тамшылар табаға ағып кетеді. Кейде табақта қатып қалған су тіпті май қабылдағыш арқылы майдың жүруін тоқтатып тастайды. Аталған қауіппен күресудің екі әдісі бар.

Біріншісі – майды бұрынғыдан екі есе жиі ауыстыру.

Екіншісі – жолға шыққанда кемінде 15 минут жүру. Қозғалтқыштың айналу жылдамдығы минутына 4000-нан жоғары болуы керек. Оларды тез дамытуды үшін төменгі берілісті қосу қажет. Егер, беріліс деңгейін қолмен басқару мүмкін болмаса, спорт режиміне қосуға болады.

2. Көміртегі шөгінділері түзіледі

Бұл қозғалтқыш байытылған қоспада және төмен температурада ұзақ уақыт жұмыс істесе орын алады. Яғни, жану камерасы мен клапандар көміртекті шөгінділердің қалың қабатымен жабылып қалады. Мұндай жұмыс режимі поршеньдік сақиналардың кокстелуіне әкелуі мүмкін. Нәтижесінде көміртекті оталдыру шамдары істен шығуы мүмкін. Тіпті шөгінділер клапандардың толық жабылуына кедергі келтірсіп, күйдіріп жіберуі де ықтимал.


3. Бейтараптандырғыш зақымдалуы

Қозғалтқыш байытылған қоспада жиі жұмыс істегенде, каталитикалық түрлендіргіштің ұяшықтарында көміртекке ұқсас заттар пайда болады. Ал, поршеньнің түбінен немесе жану камерасының басқа бөліктерінен шыққан күйе барлық бөлшектерге жабысады. Бұл мәселені болдырмаудың ең жақсы амалы – жоғары жылдамдықпен жүру. Бірақ, жылдамдықты арттырмай тұрып, қозғалтқышты қыздырып алуды ұмытпаңыз.


4. Бөлшектердің сүзгісі бітеліп қалады

Бұл да көліктің жиі-жиі қысқа қашықтыққа жүруінен пайда болады. Ал, көлік жолда ұзақ уақыт жүрсе, проблема болмайды. Сүзгінің бітелгенін бақылау тақтасындағы тиісті белгілерден, қозғалтқыштың қуатын жоғалтуынан және отын шығынының өсуінен байқауға болады.


5. Түтін шығару жүйесі қатып қалады

Қысқа сапарлар улы газдар мен түтін шығару жүйесінде конденсацияның орын алуына да ықпал етеді. Кейде ол бөлікке күйе соншалықты көп жиналып, пайдаланылған газдардың шығуына кедергі болып қалады. Бұл жағдайда қозғалтқыш іске қосылмайды.

6. Аккумулятор қуаты таусылады

Қысқа сапарларда қозғалтқыш іске қосылғаннан кейін батареяны қуаттауға уақыт жетпей қалады. Себебі, қуаттауды бастау үшін суық қозғалтқыштың біраз уақыт бойы қызып жүргені керек. Оның үстіне, қыста аккумулятор қуатын тұтынатын жабдықтардың саны едәуір артады. Көбіне аккумулятор қуатының азаюына әлсіз немесе жұмыс істемейтін генератор да себеп болады.


7. Коррозия

Қыс мезгілінде жолаушылардың аяқ киіміне жабысатын ылғалдар салонға көптеп жиналады. Ал, қысқа қашықтыққа қатынайтын болсаңыз, ол ылғал құрғап үлгермейді. Соның салдарынан ылғал әйнектерге жабысып, буланады немесе қатып қалады. Бұл бір. Екіншіден, ылғал тамшылары шанақтың қуыстарына ағып, қатып, көлемі ұлғайған сайын дәнекерленген бөлшектердің ажырауына себеп болады. Бояулар жарылып, ылғал қорғаныссыз металлға жетсе, коррозия басталады. Жоғары ылғалдылықпен күресу әдісі – тағы да ұзақ сапар. Себебі, ол кезде салон толықтай жылынып, ылғал кебеді.


Сонымен, біз қысқа қашықтыққа жүрудің салдарын түсінген сияқтымыз. Сондықтан көлікке бір мінгенде ұзақтау жүрген абзал.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


КӨЛІК шанағы ТОЗБАСЫН ДЕСЕҢІЗ


Қар басқан аулада көлікті ҚАЛАЙ БАСҚАРУ КЕРЕК?