КРУИЗДІК-БАҚЫЛАУ деген не және оны ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНҒАН ДҰРЫС

0
4 241

Бұл жүйені дұрыс қолданбасаңыз өміріңізге қауіп төнуі мүмкін.


КРУИЗДІК-БАҚЫЛАУ деген не және оны ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНҒАН ДҰРЫС

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бүгінгі таңда жүргізушілерге арналған ең танымал көмекші – круиздік бақылау. Оның көмегімен сіз жүздеген шақырым жол жүрсеңіз де бұрынғыдай шаршамайтын боласыз.



Круиздік-бақылау дегеніміз не?


Круиздік-бақылау (cruise control) — бұл жүргізуші белгілеген жылдамдықты өздігінен ұстап тұруға мүмкіндік беретін жүйе. Оның жетілдірілген нұсқалары жылдамдықты сақтап қана қоймай, қауіпсіз арақашықтықты ұстай алады. Қажет болған жағдайда көлікті өздігінен баяулатып, жылдамдықты қайта үдете алады. Яғни. жылдамдықты автоматты түрде ұстау жүйесі жүргізушінің аяғын педальды басып отырудан босатады және ұзақ сапарда шаршатпайды.


Круиздік-бақылаудың пайдасын осы жүйені құру тарихы айқын көрсетеді. Автокөлік жылдамдығын басқару процесін автоматтандыру идеясы ең алғаш механик-инженер Ральф Титордың басына келген. Ол кезде соқыр бала 5 жаста болған екен. Дегенмен ол кезде жүргізуші ретінде әрекет еткен өнертабыс көлікті өздігінен баяулатып, жеделдетіп, тұрақты жылдамдықты сақтай алмаған.

Көп ұзамай ральфтың өнертабысы жарық көріп, ол бірден Speedostat, Conrolmatic, Pressomatic, Touchomatic сынды бірнеше атау алады және автоөнеркәсіпке тез енген. Сөйтіп, круиздік бақылауы бар алғашқы автомобиль 1958 жылы Chrysler Imperial атауымен жарық көрген. ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында бұл жүйе шынымен жаппай тарала бастайды.



Круиздік бақылау қалай жұмыс істейді?


Шын мәнінде бұл теріс кері байланысы бар қарапайым серво. Жүргізуші жүйені іске қосқан кезде ол үдеткіш педальының орнын және ағымдағы жылдамдықты есте сақтайды. Егер қандай да бір себептермен жылдамдық төмендей бастаса электроника арнайы серво жетегіне бұйрық беріп, газ беруді арттырады. Керісінше жылдамдық тым жоғарылап кетсе газ беруді азайтып, тежеу процесі жүреді.

Ральф құрылғысында қозғалыс жылдамдығын тұрақты ұстап тұру үшін автомобильдің кардан білігінің айналу жылдамдығы және спидометр кабелінің айналу жылдамдығы бақыланады. Алынған мәліметтерді бақылайтын арнайы электр қозғалтқышы дроссельдің жағдайын реттеп, сол арқылы автомобильдің тұрақты жылдамдығын қамтамасыз етеді. Техникалық тұрғыдан алғанда, кез-келген көлікті круиздік бақылаумен жабдықтауға болады.


Негізгі функциясынан бөлек бұл жүйе жанармай үнемдеуді де атқара алады. Яғни жылдамдықты автоматты түрде біркелкі басқару арқылы адамға қарағанда отын тұтынуды 4-7% төмендетеді. Круиздік бақылау жүйесін механикалық және автоматты берілісі бар автомобильдерде қолдануға болады.



Круиздік бақылауды қалай пайдаланады?


Қазіргі заманғы круиздік бақылау руль түймелері немесе жеке рульдік қосқыштар арқылы басқарылатын электронды жүйе. Жүйені іске қосу үшін әдетте келесі әрекеттер тізбегін орындау керек:

  • Алдымен рульден "круизді" іске қосуға жауап беретін ON түймесін басамыз. Әдетте ол өшіріліп тұрады. Сосын круиздік бақылау жұмысы туралы ақпарат бақылау тақтасында көрсетіледі.
  • Көлікті қажетті жылдамдыққа жеткізіңіз. Көп жағдайда круиздің жұмысы сағатына 40 км-ден аз жылдамдықта қосылмайтынын ескеріңіз.
  • Set/ немесе жай SET деген жазуы бар батырманы немесе тұтқаны басу арқылы жүйені іске қосыңыз.
  • Үдеткіш педальін босатыңыз. Сол кезде автоматты жүйе жылдамдықты сақтай бастайды.


Круиздік бақылау жүйесін басқару жеке сипаттамаларға ие болуы мүмкін. Көбіне өндірушілер жүйеге көптеген мүмкіндіктер береді. Мысалы, берілген жылдамдықты тікелей рульден көбейтуге немесе азайтуға болады. Ол үшін "+" белгісін бір рет басып, жылдамдықты 1 км/сағ-қа, сәл ұзағырақ басып 5 км/сағ-қа арттыра аласыз.


Круизді қосып, оны пайдалануды бастағасын қалай өшіру керектігін де білу маңызды. Круиздік бақылауды өшіру әдетте:

  1. Тежегіш педальін басу;
  2. "Кідірту" түймесін басу;
  3. ESP немесе ASR жүйелерін іске қосу әдістерімен жүзеге асырылады.


Сондай-ақ, круиздік бақылауды пайдалану кезінде жүргізуші үдеткіш педальды басу арқылы кез-келген уақытта бағдарламаланған жылдамдықтан асып кетуі мүмкін. Мысалы, басып озу үшін. Бұл жағдайда дисплейдегі "круиз" жылдамдығының мәні жыпылықтай бастайды. Жүргізуші газ педальін босатқан кезде жүйе бұрынғы жылдамдыққа оралады.



Круиздік бақылауды қай кезде пайдалануға болмайды?

Круиздік бақылау автокөлік жүргізушісін жол жағдайын бақылау міндетінен босатпайды. Сонымен қатар, қандай да бір себептермен тұрақты жылдамдықты ұстап тұру мүмкін болмаған жағдайда жүйе өздігінен өшеді. Автокөліктерге арналған нұсқаулықта круиздік бақылауды қосу мүмкін емес жағдайлар тізімі жазылған. Олар:

  • Жолда көлік тым көп болса;
  • Жолдардың апатты бөлігінде;
  • Кез келген қиын жол жағдайында;
  • Көріну қашықтығы жеткіліксіз болған кезде (түнде, жаңбыр, қар жауған кезде, тұман кезінде);
  • Айналмалы жолдарда;
  • Кіреберіс жолдарда.


Әрбір заманауи жүйе жүргізушіге қолайлы жағдай жасайды. Бірақ, қауіпсіздікті естен шығармау қажет.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз:


Қазіргі қозғалтқыштардың КЕМШІЛІКТЕРІ – сарапшылар пікірі


Көліктің қандай жиынтығын таңдаған дұрыс?