Қазақстандағы көліктердің 70 пайыздан астамы ЕСКІРІП КЕТКЕН

0
1 583

Елімізде қазір 4 миллионға жуық көлік бар.


Қазақстандағы көліктердің 70 пайыздан астамы ЕСКІРІП КЕТКЕН

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Биылғы жылдың басындағы дерек бойынша, елімізде шамамен 3,9 млн. жеңіл автомобиль тіркелген екен. Тисінше, соңғы 20 жыл ішінде ел аумағындағы автокөлік саны 3 есе көбейіпті. Ал, сол көліктердің 70 пайыздан астамының жарыққа шыққанына 10 жылдан асып кеткен екен. Одан кейінгі сатыда 7-10 жылдай уақыт бұрын шығарылған көліктер тұр. Jusan Analytics зерттеу орталығының деректеріне сүйенсек, автокөліктердің дәл осы санаты негізінен импорт және өндіріс арқылы толықтырылады екен. Мәселен, 2006-2007 жылдары еліміздің автомобиль нарығына орташа бағасы 3-5 мың АҚШ долларын құрайтын 400 000 көлік кіріп отырған. Ал, соңғы жылдары бұл санаттағы кңөліктердің құны 15-20 мың долларға жетіп жығылғандықтан, сұраныс күрт төмендеп, жыл сайын жеткізілетін көліктер саны 150-200 мың ғана болып қалыпты.


Ал, 2016 жылғы бағаның өсуі еліміздегі автокөлік нарығын импортпен толтыруға кедергі келтіріп, импорттың бағасы Қазақстанда өндірілетін автокөліктердің бағасымен теңескен. Бұл шамамен 7.5-9.5 млн. теңгені құрайды. Сөйтіп, Қазақстанда жаңа көліктерді сату деңгейі төмендеп, оған қоса көліктердің қымбатшылығы барлық тұтынушының сұранысын қанағаттандыра алмай, сауданың 60 пайызын бұрын айдалған және шығарылғанына 10 жылдан аспаған автокөліктер құраған. Соның әсері бүгінгі күнге дейін жетіп, қазір отандық нарықта сапалы әрі арзан автокөліктер тапшы болып отыр.


- Автокөлік сату туралы хабарландырулар жарияланатын сайтта бір шамамен 170 мың автомобиль болады екен. Олардың шамамен 65 пайызы пайдаланыла бастағанына 10 жылдан асқан көліктер. Сондай-ақ, сатылымға ұсынылған барлық автокөліктердің 20 пайызы кедендік тұрғыда тазартылмаған. Яғни олардың тіркеу нөмірлері шетелдік. Мұндай көліктер көбіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден жеткізіледі. Олардың да басым бөлігі шығарылғанына 10 жылдан асқан көліктер, - дейді зерттеу орталығының талдаушылары.


Нарықтағы кедендік бақылаудан өтпеген және кедендік баж салығы төленбеген көліктердің көпшілігі Toyota мен Lada компанияларының өнімдері. Олардың 1980-2010 жылдар аралығында шығарылған автомобильдер арасындағы үлесі 24 және 54 пайызға тең болып отыр. Демек, Toyota көліктерінің төрттен бірі, Lada көліктерінің жартысынан астамы Қазақстанның емес, шетелдің тіркеуінен өткен.


Осы ретте, автокөлік әлеміндегі қызықты деректерді де атап өтсек. Мәсселен, зауыттан шыққанына 20 жыл болған Toyota-ның бағасы су жаңа Chevrolet-тің бағасымен бірдей болады екен. Ал, Mercedes-Benz және Volkswagen автомобильдері қайталама нарықта өте танымал, яғни бұл компанияның жаңа көліктеріне қарағанда, ескі автомобильдері көп сатылады. Демек, аталған екі компанияның ең мықты көліктері – ескі көліктері болып саналады. Сондай-ақ, қазір еліміздегі қайталама нарықта Lada автомобильдері танымал болып отыр. Бірақ, ол көліктердің бағасы арзандау болса да, бастапқы нарықта бағасы екі есе жоғары болатын басқа маркалы автокөліктердің сатылымына ілесе алмайды.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Жаздық шина таңдап жүрген жүргізушілер БІЛУІ ТИІС


Жанармай үнемдеудің ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ