АВТОБӨЛШЕК: Жаңа жабдық дұрыс па, ҰСТАЛҒАНЫ ТИІМДІ МЕ?

0
4 609

Ескі бөлшектердің сапасы әлдеқайда жақсы жолады.


АВТОБӨЛШЕК: Жаңа жабдық дұрыс па, ҰСТАЛҒАНЫ ТИІМДІ МЕ?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Автокөлікке қолданылған бөлшектерді сатып алу бұрыннан бар. Бұл тәжірибе тіпті, кез-келген тұрмыстық жағдайға байланысты. Мысалы, киім, тұрмыстық техника немесе автомобиль. Себебі, қолданылған бөлшектердің бағасы арзандау болады. Бірақ, олардың жарамды екеніне көз жеткізу оңай емес. Осы орайда қолданылған автобөлшектердің қыр-сырына қанық болу үшін шымкенттік көлік жөндеу шебері Мейіржан Мейірханұлына сұрау салдық. Оның айтуынша, ескі автобөлшектерді сатып алудың бірнеше артықшылығы бар.

Бірінші артықшылығы – бағасының арзандығы. Шынында қай көлік иесі болмасын, бірінші кезекте бағаға назар аударады. Сондықтан олардың ойына бірден қолданылған бөлшектер түседі. Сонымен қатар, пайдаланылған бөлшектер көбіне түпнұсқа болып саналады. Сәйкесінше, олар сапасы жағынан жаңа бөлшектерге қарағанды мықтырақ болады. Өйткені, бұл жабдықтар түпнұсқа автомобильдерді «сойғаннан» пайда болады. Әрине, іске жарамды болса. Осы орайда шетелден әкелінген бөлшектердің сапалы болатынын еске сақтап алу қажет.

Екінші орында – сапа. Сөз басында айтқандай, пайдаланылған бөлшектер сапалы болады. Олай детініміз, мұндай жабдықтар бұрынғы автомобильдерден алынады. Ал, бұрынғык көліктердің сапалы болатынын және көптеген сынақтардан өткенін бәріміз білеміз. Бүгінде жаңа көлік құралдары мен олардың бөлшектеріне қатысты айтылып жүрген сыни пікірлердің де жаны бар.

Қолданылған қосалқы бөлшектерді сатып алудың үшінші себебі – мұндай бөлшектердің жетіспеушілігі, яғни көптеген автомобильдердің ескіруі. Егер автокөлік 10 немесе 15 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатса, оған қажетті қосалқы бөлшектер өндірісте шығарылмауы да мүмкін. Мұндай жағдайда ескі бөлшектерді алғаннан басқа амал да қалмайды. Әрине, іздеп жүріп қажетіңізді таба аласыз. Бірақ, олар көшірме бөлшек болып саналады.


Бірақ, көлік шеберінің сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта бұрын қолданылған бөлшектер де едәуір азайған. Сондықтан ескі автобөлшектерді сатып алудың жағымсыз жақтары да мәлім болып жатқан көрінеді.


  • Сіз олардың сапасы қандай екенін егжей-тегжейлі біле алмайсыз және анықтай алмайсыз. Яғни, пайдаланылған бөлікті сатып алу лотереяға ұқсайды. Мысалы, апаттан кейін алынған бөлікті көлігіңізге салсаңыз, көп уақыт өтпей ол да жарамай қалуы мүмкін;
  • Сіз ақауы бар бөлшекті сататын алаяққа алдануыңыз мүмкін. Олар көбіне ғаламтор арқылы жұмыс істеп, бөлшекті жеткізу қызметін ұсынады. Сондай-ақ, кепілдік бермейді. Яғни бөлшек жарамсыз болса, ақшаны қайтарып бермеуі де ықтимал.



Сөз соңында көлік жөндеуші маман кез келген жүргізушіге пайдасы тиетін кеңестерімен де бөлісті. Атап айтар болсақ:

  • Егер сіз жеке адамнан бөлшек сатып алатын болсаңыз, онда жеке кәсіпкердің сенімді екеніне көз жеткізіңіз;
  • Ешқандай сәйкессіздік болмауы үшін бөлшек алынған көліктің шығарылған жылын және оның модификациясын алдын-ала нақтылауыңыз керек. Көбінесе маркасы бір, бірақ модификациясы әртүрлі көліктердің иелері осындай жағымсыз жәйттерге тап келеді;
  • Бөлшекті ешқашан алдын-ала төлем бойынша сатып алмаңыз және интернет арқылы сатушыға ақша аудармаңыз. Алдымен сізге қажет бөлшектің шынымен бар және жұмыс істейтініне көз жеткізуіңіз керек;
  • Сатушыдан кепілдік сұраңыз. Егер ол кепілдік бермесе, бөлшекті қайтару мүмкіндігі туралы келісіңіз;
  • Егер сіз интернет арқылы қосалқы бөлшектерге тапсырыс берсеңіз, дәл сіздің көлігіңізге арналған қосалқы бөлшектерді жеткізу үшін мамандандырылған компанияны таңдаңыз. Ақаулық туындаған кезде кепілдік пен қайтаруды талап етіңіз. Егер сатушы компанияның мамандары сіздің машинаңызға қосалқы бөлшектерді орнатып, оның жұмысын тексеруге кепілдік берсе, сенімді деген сөз;
  • Ғаламтор арқылы сапасын бағалау мүмкін болмайтын күрделі бөлшектерді сатып алмаңыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


АЛТЫ ДОҢҒАЛАҚТЫ автокөліктің қандай АРТЫҚШЫЛЫҒЫ бар?


Toyota Американы қалай жаулап алды?