Тимур Базарбаев «Алматы» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды

0
3 464

2016-2019 жылдары – Алматы қаласы әкімдігінің жұртшылықпен байланыс қызметінің басшысы болды.


Тимур Базарбаев «Алматы» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды

ERNUR.KZ. Тимур Базарбаев бұған дейін «Nur Media» ақпараттық холдингі мен «Nur Otan» партиясы құрылымында жұмыс істеген, деп жазады Zakon.kz.

Ол әр жылдары Алматы қаласы, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінде, «Nur Media» ақпараттық холдингі мен «Nur Otan» партиясы құрылымында жұмыс істеген.

2016-2019 жылдары – Алматы қаласы әкімдігінің жұртшылықпен байланыс қызметінің басшысы болды.

2019-2022 жылдары – «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының баспасөз қызметінің басшысы қызметін атқарды.

35 жаста. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген.