Зілзаладан кейінгі Кахраманмараш қаласының көрінісі

0
674

Оқиға орнынан видео түсірілді.


Зілзаладан кейінгі Кахраманмараш қаласының көрінісі

ERNUR.KZ. Түркияның Кахраманмараш қаласындағы жойқын зілзаладан кейінгі ауыр көрініс. Тұрғындар моральдық, психологиялық ауыр жағдайға ұшыраған. Жергілікті халық естерін жия алмай, күйзелісте жүр. Психологтың көмегіне, моральдық және материалдық қолдауға зәру. Туған-туысын, жақындарын жоғалтып, өмірден баз кешкен, үмітін үзген жандар қайғының қалың құрсауында жүр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қалада бір ауданды паналап келген сириялық босқындар да баспанасыз қалған. Панасыз адамдар саябақтағы демалуға арналған жерлерді палатка, көрпемен орай салып, өлместің күнін кешіп жүр. Қыстыгүні, қара суықта баламен мұндай жерде өмір сүру өте қауіпті болса да, басқа амалы жоқ. Лагерді қадағалаушылар балалар тоңып қалмас үшін түнде де алаңқайға жинап, жүгіртіп, бірге ойын ойнайды.