Жергілікті тұрғын сот ғимаратын жарып жіберді

0
1 730

Оқиға Черногорияның бас қаласында болды.


Жергілікті тұрғын сот ғимаратын жарып жіберді

ERNUR.KZ. Тұрғындардың бірі сот ғимаратына жарылғыш затпен кіріп, іске қосты. Салдарынан 7 адам ауруханаға түскен, деп жазады stan.kz.

Оқиға Черногорияның бас қаласында болды. Сағат 11:35 шамасында сот ғимаратында жарылыс тіркелген. RTCG ақпарат агенттігінің дерегіне сүйенсек, 40 жастағы қала тұрғыны ғимаратқа жарылғыш зат алып кірген.

“Ғимаратта халық қарасы көп болды. Жарылыстан кейін қызметкерлер ондағы жұртты дереу эвакуациялауға тырысты. 10 минут ішінде оқиға орнына полиция келді”, - делінген ақпаратта.

Жарылыс салдарынан бомба алып кірген азамат оқиға орнында көз жұмды. Тағы 7 адам атүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде.