Жапонияда отшашулар зауытынан өрт шықты

0
552

Жергілікті өрт сөндірушілердің мәліметінше, кем дегенде үш адамды күйік шалған.


Жапонияда отшашулар зауытынан өрт шықты

ERNUR.KZ. Жапонияның Отару қаласындағы отшашу зауытынан өрт шықты, деп жазады 24.kz.

Жергілікті өрт сөндірушілердің мәліметінше, кем дегенде үш адамды күйік шалған, олардың біреуі ауыр халде.

Қазіргі уақытта тілсіз жауды жою әрекеттері жалғасуда. Жергілікті тұрғындарды оқиға орнына жақындамауға шақыруда.