Жапония аукционында екі қауын 23,5 мың долларға сатылды

0
459

2030 жылға қарай Токио ауыл шаруашылығы, орман және балық өнімдерінің жылдық экспортын 38,6 миллиард долларға жеткізуді жоспарлап отыр.


Жапония аукционында екі қауын 23,5 мың долларға сатылды

ERNUR.KZ. Жапониядағы аукционда екі «Юбари» сортты қауыны 23,5 мың долларға сатылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бейсенбіде Жапонияның Хоккайдо аралында биылғы бірінші ауыл шаруашылығы аукционында Юбари қауындары 3 миллион иенге (шамамен 23,5 мың доллар) сатылды.

Аукционда барлығы 2721 қауын сатылды. Хоккайдо аралының жергілікті фермерлері Жапония нарығына 2,03 миллиард иен (шамамен 15,7 миллион доллар) сомасындағы 3,4 мың тонна қауын жеткізуді жоспарлап отыр.

Kyodo-ның хабарлауынша, Жапониядағы алғашқы ауылшаруашылық аукциондарында бақша өнімдерінің жоғары сапалы сорттары әдетте ең жоғары бағамен сатылады.

«Юбари» қауыны бұл атауға Юбари қалашығында (Хоккайдо аралы) өсірілгендіктен ие болған.

Бұған дейін хабарланғандай, 2022 жылдың басынан бастап Жапония билігі әлемдегі ең ірі мегаполистерде – Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Бангкок, Сингапурде азық-түлік экспорты платформаларын іске қосты. ҚХР мен ЕО-да осыған ұқсас алаңдар құру жоспарда бар.

2030 жылға қарай Токио ауыл шаруашылығы, орман және балық өнімдерінің жылдық экспортын 38,6 миллиард долларға жеткізуді жоспарлап отыр.