WhatsApp-та Самарқандтағы жантүршігерлік оқиғаның видеосы тарады

0
593

Жанармай құю кезінде көліктегі газ баллоны қалай жарылғанын көруге болады.


WhatsApp-та Самарқандтағы жантүршігерлік оқиғаның видеосы тарады

ERNUR.KZ. WhatsApp мессенджерінде Самарқандтағы жантүршігерлік оқиғаның видеосы тарап жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Кадрларда жанармай құю кезінде көліктегі газ баллоны қалай жарылғанын көруге болады. Жарылыстан металл контейнер ұшып, сондағы қызметкерге тиеді.



Самарқанд облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, оқиға 25 ақпанда сағат 11:30-да Бедил көшесінде орналасқан АГТКС-да болған. Nexia-3 көлігінде газ баллоны жарылған. Жарылыс салдарынан жанармай құю бекетінде жұмыс істейтін 43 жастағы ер адам қаза тапты.

Оқиға орнында Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер басқармасы, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы, прокуратура және басқа да ведомстволардың қызметкерлері жұмыс істеген. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.