Үндістанда жағдай ушықты: ел премьері коронавирустың жаңа толқынын дауылға теңеді

0
559

​Нарендра Моди елдің коронавирустың алғашқы толқынына қарсы тұрғанын еске салып, қазіргі жағдайдың қиын екенін айтты.


Үндістанда жағдай ушықты: ел премьері коронавирустың жаңа толқынын дауылға теңеді

ERNUR.KZ. Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди коронавирус инфекциясының жаңа толқынын "елдің үстіне төнген дауыл" деп атады, деп жазады sputniknews.kz.

"Коронавирустың алғашқы толқынына сәтті қарсы тұрғаннан кейін ел инфекцияны жеңетініне сенімді болды. Алайда жаңа толқын дауыл секілді елдің үстіне төніп тұр", – деді Нарендра Моди Үндістан халқына арнаған үндеуінде.

Ол Үндістанда тұрғындарды жалпы вакциналау 1 мамырдан басталатынын айтты. 18 жастан асқан елдің әрбір азаматы вакцина салдыра алады.

Айта кетейік, Үндістанда коронавирустың жаңа штаммының B.1.618. түрі тіркелді. Батыс Бенгалия штатында үштік мутация анықталды. Кей ел Үндістанда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты арадағы әуе қатынасын тоқтатты.

Ел бойынша 16,9 миллионнан астам адамнан COVID-19 табылды. 14 миллионнан астам адам сауығып шықты, коронавирус және соған байланысты аурудан 192 мың адам қайтыс болды.

Үндістандықтарға үш вакцина салынады. Олар: Covieshield (AstraZeneca вакцинасының үнді нұсқасы), Covaxin (үнді вакцинасы) және ресейлік "Спутник V" вакцинасы.