Түркияда жер сілкінісі құрбандарының саны 40,6 мыңнан асты

0
1 763

Апат аймағындағы іздестіру-құтқару жұмыстарын жексенбі, 19 ақпанда аяқтау жоспарланған.


Түркияда жер сілкінісі құрбандарының саны 40,6 мыңнан асты

ERNUR.KZ. Эпицентрі Түркияның Кахраманмараш провинциясында болған екі жойқын жер сілкінісінің құрбандары саны 40 642 адамға жетті. Бұл туралы сенбі күні Анкарада өткен брифингте Түркия үкіметі жанындағы табиғи апаттармен және төтенше жағдайлармен күрес департаментінің (AFAD) басшысы Юнус Сезер мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, апат аймағындағы іздестіру-құтқару жұмыстарын жексенбі, 19 ақпанда аяқтау жоспарланған.

«Қазір іздеу-құтқару жұмыстарына 13 мыңға жуық адам қатысуда. Шетелден көмекке келгендерге шын жүректен алғыс айтқым келеді. 80 елден келген құтқарушылардың бір бөлігі отанына оралды», - деді AFAD басшысы.

Сезер жер сілкінісінен зардап шеккен провинциялардағы тұрғын үй қорының 50 пайыздан астамының жағдайын бақылау аяқталғанын айтты.

AFAD басшысы тек өзі басқаратын департамент желісі арқылы ғана апат аймағынан 430 мыңнан астам адам эвакуацияланғанын атап өтті. Елдің Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Түркиядағы қоқыстарды жоюға 88 елден 11 мың құтқарушы қатысқан.

Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпанда Кахраманмарашта магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.

Президент Режеп Тайып Ердоған табиғи апат құрбандарына байланысты Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады.