Түркияда тағы да жойқын жер сілкінісі болды

0
696

Жер асты дүмпуі Түркияның орталық және шығыс бөлігі, соның ішінде Анкара қаласында да сезілген.


Түркияда тағы да жойқын жер сілкінісі болды

ERNUR.KZ. Түркияда тағы да магнитудасы 7,8 балдық жер сілкінісі болды, деп жазады stan.kz.

Жер асты дүмпуі Түркияның орталық және шығыс бөлігі, соның ішінде Анкара қаласында да сезілген. Сонымен қатар Диярбакыр қаласында тікелей эфир кезінде көпқабатты үй құлады.

Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияда магнитудасы 7,4 балдық жер сілкінісі болып, көптеген ғимараттар қирады.

Көп ұзамай Сыртқы істер министрлігі Түркияда зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың жоқ екенін мәлімдеді. Дегенмен қирандыларды жинастыру жұмыстары жалғасып жатқанын ескертті.