Түркияда қайталанған жер сілкінісі: қаза тапқандар саны артып жатыр

0
805

Дүйсенбіде магнитудасы 6,4 болатын жер сілкінісі Түркияның оңтүстігіндегі Антакья қаласына жақын маңда болды .


Түркияда қайталанған жер сілкінісі: қаза тапқандар саны артып жатыр

ERNUR.KZ. Түркия мен Сирия шекарасында болған жер сілкінісі салдарынан алты адам қаза тапты, деп жазады tengrinews.kz.

Дүйсенбіде магнитудасы 6,4 болатын жер сілкінісі Түркияның оңтүстігіндегі Антакья қаласына жақын маңда болды және Сирия, Мысыр және Ливанда сезілген. Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) мәліметінше, ол 10 шақырым тереңдікте болған.

Түркия Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа қайталанған жер сілкінісінен 6 адам қаза тапқанын, 294 адам жараланғанын, 18 адам ауыр жарақат алып, Адана мен Дортйол ауруханаларына жеткізілгенін айтты.

Түркияда екі апта бұрын болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 41 156-ға жетті, деп хабарлайды Түркия Апаттардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD) және одан әрі өсуі мүмкін екені айтылды: 385 мың пәтердің қирағаны немесе қатты зақымданғаны белгілі, ал көптеген адам әлі күнге дейін із-түзсіз жоғалған деп саналады. Табиғи апат құрбандарының жалпы саны, Сирияны қоса алғанда, қазір 44 377-ге жетті.

Еске салайық, Түркияда тағы да жер сілкінісі болды. Хатай провинциясында магнитудасы 5,8 және 6,4 болатын екі жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісі Сирияда, Ливанда, Иорданияда, Иракта, Палестинада, Израильде сезілді.