Түркияда 11 күн бойы үйінді астында жатқан қыз бала құтқарылды

0
626

Алейна Олмез жер сілкінісінен 248 сағат өткен соң құтқарылды.


Түркияда 11 күн бойы үйінді астында жатқан қыз бала құтқарылды

ERNUR.KZ. 17 жастағы Алейна Олмез Каябаши орамындағы Түркияның оңтүстік-шығысындағы Хатай провинциясында жойқын жер сілкінісінен 248 сағат өткен соң 17 жастағы қыз құтқарылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Anadolu агенттігінің хабарлауынша, Алейна Олмез Кахраманмараш қаласындағы Каябашы ауданындағы тұрғын үйдің қирандыларының астында 11 күн бойы жатқан.

«Алғашқы көмек көрсеткеннен кейін дәрігерлер оны ауруханаға жіберді», - делінген хабарламада,

Апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстары 11 күннен бері жалғасып жатыр.

Эпицентрі Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 36,1 мыңнан асты.

Айта кетерлігі, Қазақстан Түркияға тағы 55 тонна гуманитарлық көмек жіберді. ҚР Үкіметі апат болған алғашы күні-ақ Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек жөнелткен болатын. Сондай-ақ Мемлекет басшысы шұғыл жәрдем ретінде 1 миллион доллар бөлінетінін хабарлады. Бұдан бөлек, қазір зілзала болған аймақта қазақстандық құтқарушылар да адамдарды іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал қазақстандық еріктілер Кахраманмараш қаласында 100 қазақ үйін тігіп жатыр.