Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 23 мыңнан асты

0
1 035

6 ақпанда Түркияның орталығы мен оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас жерде жойқын жер сілкінісі болды.


Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 23 мыңнан асты

ERNUR.KZ. Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісінен қаза болғандардың саны 23 700 адамнан асты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Соңғы жиырма жылдықтғы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандардың расталған саны Түркияның оңтүстігінде және Сирияның солтүстік-батысында 23 700 - ден астам адам болды", - делінген агенттіктің хабарламасында.