Тікелей эфирді соғысқа қарсы акциямен үзген Марина Овсянниковаға Вацлав Гавел сыйлығы берілді

0
470

Марапат 25 мамырда Ослода тапсырылды.


Тікелей эфирді соғысқа қарсы акциямен үзген Марина Овсянниковаға Вацлав Гавел сыйлығы берілді

ERNUR.KZ. Ресейдің "Бірінші арнасының" бұрынғы қызметкері Марина Овсянникова эфир кезінде соғысқа қарсы акция жасағаны үшін адам құқығы бойынша Вацлав Гавел атындағы сыйлыққа ие болды. Марапат 25 мамырда Ослода тапсырылды, деп жазады azattyq.org.

14 мамырда Овсянникова "Бірінші арнаның" кешкі жаңалықтар эфирінде сөйлеп отырған диктордың артына шығып, "Соғысты тоқтатыңдар. Пропагандаға сенбеңдер. Бұл жерде өтірік айтады" деген жазуы бар плакат ұстап тұрған.

Овсянникова мұнан кейін халықты Ресейдің Украинаға агрессиясын тоқтатуды талап етуге шақырып, әлеуметтік желі арқылы видео үндеу жолдаған. Кейін оған заңсыз акция өткізгені үшін 30 мың рубль айыппұл салынған.

Тергеу комитеті Қылмыстық кодекстің "Ресей әскері туралы жалған ақпарат тарату" деген жаңа бабы бойынша Овсянникованы тергеп жатыр. Бұл баппен сотталған адам 3 жылдан 15 жылға дейін бостандығынан айырылуы мүмкін.

Овсянникованың акциясынан кейін федералды БАҚ-тардың қызметкерлері жұмысынан кете бастағаны жайлы бірнеше мақала жарияланған. Овсянникова телеарнаның редакциялық саясатымен келіспейтінін білдіріп, өз еркімен жұмысынан босаған. Одан соң Ресейден де кетіп, немістің Die Welt басылымына ауысқан.