Шаштараз химиотерапиядан өткен балаларға тегін парик сыйлап жүр

0
1 742

Кейбір ата-ана бұның тіпті емнен де артық көмектесетінін айтуда


Шаштараз химиотерапиядан өткен балаларға тегін парик сыйлап жүр

ERNUR.KZ. Мысырлық шаштараз химиотерапиядан шашын жоғалтқан балаларға өз қалтасынан тегін парик жасап береді, деп жазады ktk.kz.

Бес жастағы қыз шашына қарап мәз-мейрам. Ол айнадан көзін алмай, сенер-сенбесін білмейді.Тек бұл қап-қара ұзын, мойылдай қара шаш өзінікі емес. Бұл - парик.
Лараның қатерлі ісігі бар. Обыр. Қазір химиотерапия курсынан өтіп жүр. Ал химиотерапияның жағымсыз әсері - шашты түсіру. Міне, осындай қиын сәтте көмекке Каир қаласынан шаштараз Самех Саллам келді. Ол онкоауру балаларға тегін парик жасап береді. Бұндай қадамға баруға оның YouTube-та шашы түсіп жылап жатқан баланың жылаған видеосы түрткі болыпты.

"Париктер мықты көмек береді, ол психологиялық демеу. Сондықтан осындай істі қолыма алдым. Балалардың қуанышы шашының түсіп қалғанын өтейді. Лара және басқа да науқас балалар жазылып кетсе деймін. Ал мен, бұл өмірде ең бақытты адаммын" - дейді шаштараз Самех Саллам.

Лара - Самех шаш сыйлаған 11-ші бала. Ешқандай қамқорлық ұйым, мемлекет тарапынан көмек көрсетілмейді. Барлық материалға кеткен шығынды ол өз қалтасынан төлейді. Бақытына орай оның әкесі парик жасаудың шебері және қай жерде парик қанша тұратынан жақсы біледі. Мәселе ақшада емес. Қыздың әкесі Самехтің көрсетіп жатқан психологиялық көмегі химиотерапиядай маңызды дейді.

"Бұл туралы бәрі білуі тиіс. Самехтің ісі - керемет. Кейбір ата-ана бұның тіпті емнен де артық көмектесетінін айтуда. Менің жеке ойым сол, Самехтің Лараға берген қамқоры мен қуанышы - бұл табыстың 50 пайызымен тең, - дейді Лараның әкесі.

Шығынға қарамастан, Самех бұнымен ғана шектелмейді. Ал балалардың ата-анасынан ақша алуға бас тартты. "Олар химиотерапияға көп ақша төлейді", - дейді шаштараз.