Ресейлік азамат көршісін лифтіде жарып жіберді (видео)

0
916

"Бомбаны" жәбірленушінің 50 жастағы көршісі қойған.


Ресейлік азамат көршісін лифтіде жарып жіберді (видео)

ERNUR.KZ. Ресейдің Иркутск қаласының тұрғыны көршісін үйінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, үнемі шу шығарғаны үшін лифтіде жарып жіберген, деп жазады Stan.kz.

Дереккөздің мәліметінше, қолдан жасалған жарылғыш зат Синюшин Гора шағын ауданындағы көпқабатты үйдің лифтінде іске қосылған.

Атап өткендей, "бомбаны" жәбірленушінің 50 жастағы көршісі қойған. Күдіктінің сөзінше, ол үнемі жөндеу жұмыстарының шуылынан шаршап, оның көзін жоюға шешім қабылдаған.

Аталған факті бойынша "Қауіпті құралдың көмегімен кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жәбір көрген азамат ауруханаға жеткізілген.