Петербордағы зауыттан Toyota Camry 75 шыға бастады

0
1 398

Қазақстандық сатушылар Camry 75-ке тапсырыс қабылдап жатыр.


Петербордағы зауыттан Toyota Camry 75 шыға бастады

ERNUR.KZ. Toyota-ның Петербордағы зауыты жаңарған Camry седанын шығара бастады. Қазақстандық сатушылар Camry 75-ке тапсырыс қабылдап жатыр. Toyota Motor Kazakhstan сәл де болса жаңарған көлікті осылай атауға рұқсат беріпті, деп жазады zakon.kz.

Машинаның іші-сыртында өзгеріс байқалмайды, бірақ капот астына қойылатын үш мотордың екеуі жаңа. Машина клиенттерге екі литрлік M20A-FKS (150 а. к.), 2.5 литрлік A25A-FKS және көлемі 3.5 литр 2GR-FKS (249 а. к., 356 Нм) моторымен ұсынылады.

Жаңа қозғалтқыш қойылған машиналардың жылдамдығы артты. 2.5 литрлік мотор 199 ат күшін береді, ал автомат қорабы 8 сатылы.

Көлемі 2 литр мотор 150 ат күшіне ие, дегенмен ол вариатормен жұмыс істейді. Aisin К120 деп аталатын агрегат темір тұлпардың 2.5 литрлік моторы (2AR-FE) бар «жетпістіктен» жылдам қозғалуына мүмкіндік береді. 2.5 литрлік моторы бар Camry XV70 алғашқы жүздікті 9.9 секундта алса, жаңарған седан бұл межені небәрі 9.5 секундта еңсереді.