Перу тұрғындарынан қоғамдық орындарға баратын кезде екі маска тағу талап етіледі

0
492

Сонымен қатар, көздің шырышты қабығын қорғау үшін арнайы мөлдір экранды қолдану да талап етіледі.


Перу тұрғындарынан қоғамдық орындарға баратын кезде екі маска тағу талап етіледі

ERNUR.KZ. Үндістан астанасы Нью-Дели билігі коронавирустың таралуына байланысты қатаң шектеулерді тағы бір аптаға яғни, осы жылдың мамыр айының 3-не дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, деп жазады ҚазАқпарат.

Локдаун Нью-Делиге 19 сәуір күні кешке енгізілген болатын. Жеке компаниялардың барлық қызметкерлері тек үйден жұмыс істеу режиміне ауыстырылды. Тек мемлекеттік мекемелер мен «негізгі қызмет көрсетушілер» әдеттегідей жұмысын жалғастыра береді. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ашық. Азық-түлік өнімдерін және қажетті тауарларды үйге жеткізуге де рұқсат етіледі.

26 сәуірден бастап Перу тұрғындары дүкендерге, базарларға, сауда орталықтарына, дәріханаларға және басқа да адамдар көп жиналатын орындарға барған кезде бір уақытта коронавирустан қорғау үшін екі масканы қатар киюлері тиіс. Сонымен қатар, көздің шырышты қабығын қорғау үшін арнайы мөлдір экранды қолдану да талап етіледі.

Италия билігі коронавирус мутациясына байланысты соңғы екі аптасын Үндістанда өткізгендердің елге кіруін тоқтатты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанца хабарлады.


«Италияда тұрақты тұратын адамдар міндетті түрде карантинде болып, Үндістаннан шыққан кезде және Италияға кірер кезде тест тапсырып, орала алады. Соңғы 14 күнде Үндістанда болған және біздің елде жүргендердің бәрі аурудың алдын алу қызметтеріне хабарласып, тест тапсырулары керек», - деді Сперанца.


Коста-Рика билігі ауруханаларда COVID-19 жұқтырған пациенттерге арналған орын тапшылығы қаупіне алаңдаулы.


«Мұндай науқастарға бөлінген төсек орындардың 94% реанимация бөлімшелерінде жұмыс істейді», деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.


Орталық Америка Республикасының билігі инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында жергілікті уақыт бойынша 21.00-ден 05.00-ге дейін жеке көліктердің қозғалысына тыйым салды.