Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф қайтыс болды

0
1 308

Первез Мушарраф 2001-2008 жылдары Пәкістан президенті болды.


Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф қайтыс болды

ERNUR.KZ. Пәкістанның экс-президенті Первез Мушарраф жексенбі күні ұзаққа созылған аурудан кейін Дубайдағы ауруханада 79 жасында қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.

Мушарраф амилоидоздың асқынуына, яғни ағзадағы зат алмасу бұзылатын сырқатына байланысты ауруханада жатқан.
Первез Мушарраф 2001-2008 жылдары Пәкістан президенті болды.
2014 жылдың наурыз айында Мушаррафқа ресми айып тағылды. Айыптаушы тараптың мәліметінше, Мушарраф 2007 жылы төтенше жағдай жариялап, Жоғарғы сот судьяларын қамауға алу туралы бұйрық берген кезде мемлекетке опасыздық жасаған. Пәкістан заңы бойынша мемлекетке опасыздық жасағандар өлім жазасына кесіледі немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылады.
2016 жылдың наурызында сот Мушаррафқа емделуге шетелге шығуға рұқсат берді. Сол кезде экс-президент Пәкістаннан кетіп, Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшып кетті.