Өзбекстанның бірнеше дүркін чемпионы пластикалық отадан кейін көз жұмды

0
463

39 жастағы спортшының денсаулығы 23 мамырда нашарлаған.


Өзбекстанның бірнеше дүркін чемпионы пластикалық отадан кейін көз жұмды

ERNUR.KZ. Өзбекстанда семсерлесуден әлем чемпионы, халықаралық деңгейдегі төреші Аида Хасанова пластикалық операциядан кейін көз жұмды, деп жазады stan.kz.

39 жастағы спортшының денсаулығы 23 мамырда нашарлаған. Кейін дәрігерлердің шешімімен басқа ауруханаға ауыстырылып, кешке жансақтау бөлімінде көз жұмыпты.

Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Прокуратура тергеп-тексеру шараларын жүргізіп жатыр.

Аида Хасанова 1983 жылы Ташкентте дүниеге келген. Бірнеше дүркін Өзбекстан чемпионы, 2001-2006 жылдары Орталық Азия чемпионы, 2005 жылы Англияда халықаралық турнирдің алтын медаль жүлдегері атанған.
2014 жылы Өзбекстан тарихында алғаш болып семсерлесуден халықаралық төреші атанған.