Өзбекстан президенттігіне үміткерлер белгілі болды

0
802

Өзбекстан заңнамасына сәйкес президенттікке кандидат ұсынуға тек саяси партиялар ғана құқылы.


Өзбекстан президенттігіне үміткерлер белгілі болды

ERNUR.KZ. Өзбекстан президенттігіне үміткерлер белгілі болды, жазады tengrinews.kz.

Өзбекстан заңнамасына сәйкес президенттікке кандидат ұсынуға тек саяси партиялар ғана құқылы. 15 мамырда Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясы елде жұмыс істейтін бес саяси партияға алдағы кезектен тыс президент сайлауына қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.

Өзбекстанның Либерал-демократиялық партиясы мен "Миллий тикланиш" ("Ұлттық жаңғыру") демократиялық партиясы бірлесіп президенттікке кандидат ретінде қазіргі мемлекет басшысы Шавкат Мирзиеевті ұсынды, Халықтық-демократиялық партия бұл қызметке өзінің көшбасшысы - Улугбек Иноятовты, Экологиялық партия – төрағасы Абдушукур Хамзаевты, "Адолат" ("Әділет") социал-демократиялық партиясы – Өзбекстан Жоғарғы соты төрағасының бірінші орынбасары Робахон Махмудовты.