Отшашу тамашалап тұрған бала оқыс оқиғадан көз жұмды

0
832

Қазіргі уақытта отшашуды атқан ер адам қолға түсті.


Отшашу тамашалап тұрған бала оқыс оқиғадан көз жұмды

ERNUR.KZ. Нидерландының шығысындағы Хаксберген қаласының көшелерінің біріндегі думанды кеште ер адам қолдан жасалған отшашу жаққан. Алайда отшашу атылып жатқан кезде күтпеген жерден жарықшақ тиіп, 12 жасар бала ауыр жарақат алған. Алайда жасөспірім ауруханаға жеткенде қайтыс болып кетті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Отшашудың әсері қаттырақ болуы үшін ер адам оны балғамен ұрғылаған. Алайда отшашудан шыққан ұшқын салдарынан 11 және 12 жастағы екі бала зардап шеккен. Олар ауруханаға жеткізілгенімен, біреуін құтқарып қалу мүмкін болмаған. 12 жастағы жасөспірім алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.

Қазіргі уақытта отшашуды атқан ер адам қолға түсті. Оқиғаның егжей-тегжейлері анықталуда.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қолдан жасалған металл балға қондырғысы – клапхамермен отшашуды ұру – Голландияның Твенте аймағының танымал дәстүрі және Нидерландыда тыйым салынбаған.