Орта Азияның бірнеше қаласында Ресей телеарналары бұғатталды

0
429

​Байланыс операторларының хабарлауынша, халықаралық спутниктерде біржақты тәртіппен кейбір Ресей телеарналарының көрсетілімі тоқтатылды.


Орта Азияның бірнеше қаласында Ресей телеарналары бұғатталды
ERNUR.KZ. Қырғызстанда Бүкіл ресейлік мемлекеттік телевизиялық және радио компаниясының барлық арналары уақытша хабар таратуды шектеді. Мұндай ақпарат елдегі ірі теле хабар тарату провайдерлерінің бірі "Ақнет" сайтында жарияланды, деп жазады Stan.kz.

"Бірқатар мемлекеттерде жалпыресейлік телеарналарды тарату бойынша заңнамалық шектеулердің енгізілуіне байланысты халықаралық спутникте Бүкіл ресейлік мемлекеттік телевизиялық және радио компаниясының арналары бұғатталды. Осы себепті "Россия Культура", "Россия 24" және "Звезда" телеарналары уақытша қолжетімсіз", – делінген байланыс операторы таратқан хабарламада.
Телеарналар операторында жұмыстар аяқтала салысымен хабар тарату жалғасады, деп уәде берді провайдер.

Сондай-ақ, Түрікменстан тұрғындары осындай проблемаға тап болды. Бұл елде де "Россия 1", "Россия Культура" және "Звезда" арналары бұғатталды. Есесіне Бірінші арнаны, "Россия 24", "РенТВ", РБК, НТВ және басқаларды шектеусіз көруге болады.

Сондай-ақ, Тәжікстанда бірқатар ресейлік федералды арналар көрсетілмейді, деп хабарлады Sputnik Тәжікстан.

"Олардың арасында Россия 1, Россия 24 және Бірінші арна бар", – деп хабарлады басылым.