Оңтүстік Кореяда тасқын су жеті адамның өмірін жалмады

0
659

​Тағы алты адам із-түзсіз кеткен.


Оңтүстік Кореяда тасқын су жеті адамның өмірін жалмады

ERNUR.KZ. 9 адам түрлі жарақат алған, деп жазады «Хабар 24».

Дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні жауған нөсердің соңы тасқын суға ұласып, Сеул көшелеріндегі қозғалысты қиындатты. Кей дерек бойынша Оңтүстік Кореяда мұндай жауын 80 жыл болмаған.


Мемлекет басшысы Юн Сок Ёль мемлекеттік және жеке сектордағы қызметкерлердің жұмыс кестесіне өзгеріс енгізуге үндеді.

Президент әкімшілігі апат салдарын жоюға көшкен.