Оман билігі медицина қызметкерлеріне жұмыстан шығуға тыйым салды

0
557

Үндістанда коронавирустан көз жұму мен КВИ жұқтыру бойынша жаңа рекорд тіркелді.


Оман билігі медицина қызметкерлеріне жұмыстан шығуға тыйым салды

ERNUR.KZ. Оман билілігі медицина қызметкерлеріне пандемия кезінде жұмыстан шығуға тыйым салды. Бұл талаптың енгізілуі КВИ жұқтырғандардың көбеюімен және жергілікті ауруханалардың медициналық қызметкерлеріне артылған жүктеменің ұлғаюына байланысты. Үкімет тыйым салудың дәл қазіргі уақытта ең қажетті шара екенін айтады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Франция билігі келушілер үшін міндетті түрде карантиннен өткізілетін елдердің тізімін көбейтеді. Мұндай шаралар коронавирустың жаңа штамдарының таралуын болдырмау мақсатында қабылдануда. Бұған дейін билік Бразилия, Үндістан, Чили, ОАР, Аргентина және Гвианадан келгендер үшін міндетті 10 күндік карантин белгілеу туралы жарлық шығарған болатын.

Камбоджа үкіметі бұқаралық ақпарат құралдарына «қызыл» аймақтардағы оқиғаларды жариялауға және жедел жәрдем көліктерін түсіруге тыйым салды, себебі ел инфекцияның рекордтық өсуімен күресуде. Билік ауруханаларда төсек орындардың жетіспеушілігіне байланысты мектептер мен банкет залдарын медициналық орталықтарға қайта бейімдеп жатыр.

6 мамырдан бастап Бавария билігі коронавирусқа қарсы вакциналанған адамдар үшін әлеуметтік шектеулерді алып тастайды. Бұл туралы аймақ басшысы баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Ол екпе салдырған және жазылған адамдар туыс-таныстарымен кедергісіз кездесулерге бара алатындығын және оларға коменданттық сағат талаптары қолданылмайтынын, мекемелер мен дүкендерге барған кезде ПТР-тест нәтижесі талап етілмейтіндігін атап өтті. Баварияның қалған тұрғындары үшін коменданттық сағат әлі де 22:00-ден 05:00-ге дейін әрекет етеді.

Бүгін Үндістанда коронавирустан көз жұму жағдайы мен инфекцияны жұқтыру көрсеткіші бойынша жаңа рекорд тіркелді. Өткен тәулікте: 412 618 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған болса, індеттен 3 982 адам көз жұмды.