Мариупольде 70 украиналықтың мәйіті табылды

0
483

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қаза болғандардың аты-жөнін анықтау жұмысы жүргізілмеген.


Мариупольде 70 украиналықтың мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Ресей шабуылынан кейін Украинаның Мариуполь қаласында 70 украиналықтың мәйіті табылды, деп жазады inbusiness.kz.

Оның мәліметі бойынша, ресейлік құтқарушылар қазіргі уақытта Куинджи көшесіндегі бұрынғы "Октябрь" зауытының аумағын үйінділерден тазартуда. Қаза болғандардың барлығы сол жерден табылды.

"Ресей әскерінің шабуылынан кейін адамдар қирандылардың астында қалып қойды. Олардың мәйіті пластикалық пакеттерге салынып, ескі Қырым ауылына жерлеуге жіберілді", – деді Андрющенко.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қаза болғандардың аты-жөнін анықтау жұмысы жүргізілмеген.

УНИАН агенттігінің дерегіне сүйенсек, 20 мамырда ресейлік әскерилер Мариупольдағы драма театрын қирандылардан тазарту жұмыстарын аяқтады. Ажал құшқан жүздеген бейбіт тұрғынның мәйіті шығарылды.

"Енді біз ресейліктердің бомбалауы салдарынан драма театрында қанша мариупольдықдың мерт болғанын ешқашан біле алмаймыз. Оларды нөмірлеп, Мангушада жерледі", –деді мэрдің кеңесшісі Петр Андрющенко.