Маймыл шешегін жұқтырғандар саны 200-ге жетті - ДДСҰ

0
733

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі айтты.


Маймыл шешегін жұқтырғандар саны 200-ге жетті - ДДСҰ

ERNUR.KZ. Маймыл шешегін жұқтырғандар саны 200-ге жетті, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі айтты. Ұйым мәліметінше, маймыл шешегін жұқтырғандар санының артуы эндемиялық аймақтарға жасалған сапарларға байланысты емес. Кейінгі мәліметтер бойынша, инфекция көбіне ерлер арасында анықталған.

Айта кетейік, қазір Испанияда расталған жағдайдың ең көп саны тіркелген. Ел билігі инфекцияның 25 жаңа жағдайын растады, нәтижесінде ауру жұқтырғандар саны 84-ке жетті. Одан кейін Ұлыбританияда 14 жаңа жағдай тіркелгені анықталды, онда жұқтырғандар саны 70-ке жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Женева университетінің Жаһандық денсаулық сақтау институтының директоры Антуан Флао маймыл шешек ауруын жұқтырғандар саны артуы індеттің басталғанын білдіруі мүмкін екенін айтқан болатын.

Маймыл шешегі - адамдарға жануарлардан берілетін, 1970 жылдары Конго Демократиялық Республикасында тіркелген сирек кездесетін вирустық зоонозды ауру. Симптомдарына бас ауруы және тері бөртпелері жатады. Бөртпе беттен басталып, дененің қалған бөлігіне тарайды.

Еске салайық, бұған дейін ДДСҰ маймыл шешегі ауруын талқылау үшін сарапшылардың төтенше жиналысын шақырған болатын. Сонымен қатар, ұйым өкілі Африкадан тыс жерлерде маймыл шешек вирусына қарсы жаппай вакцина алудың қажеті жоқ деп санайтынын жеткізген еді.